Қалыпты еңбек жағдайларынан ауытқыған кезде еңбекті қорғау. Тарифтік
ставкалар, лауазымдық еңбекақылар еңбектің қалыпты жағдайларына ж\е
режиміне арналған. Қалыпты жағдайдан ауытқу кезінде жұмыс орындау
барысында ұйым қызметкерлерге тиісті қосымша ақыларды төлеуі тиіс.
Қосымша ақылардың мөлшері мен оларды төлеудің жағдайларын ұйымдардың
өздері анықтайды ж\е ұжымдық шарттарда көрсетіледі.
Мысалы,белгілі бір ұйымда өзінің негізгі жұмысымен қатар өзге мамандық
(лауазым) бойынша басқа қызметті қоса атқарған кезінде жұмыста уақытша
болмаған қызметкердің міндеттерін орындау кезінде еңбекке ақы төлеу үшін
қосымша ақы төлеу жолымен жүзеге асады. Мұндай қосымша ақылардың
мөлшерін басшылық қызметкерлермен келісе отырып белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: |