ҚҰҚЫҚ негіздері


Тəртіптік өндіріп алудың түрлері, оларды қолдану, беру тəртібі



Pdf көрінісі
бет183/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

 Тəртіптік өндіріп алудың түрлері, оларды қолдану, беру тəртібі. 

Тəртіптік  теріс  қылық  болып  жұмыс  берушінің  заңсыз  қызметті  жүзеге 

асыруға  бағытталған  əрекеттері  табылады.  Бір  тəртіптік  теріс  қылық  үшін  тек 

бір  тəртіптік  жаза  ғана  тағайындалады.  Мысалы,  қызметкердің    жұмысқа 

себепсіз  жағдаймен  келмегені  үшін  оған  сөгіс  жариялап,  қызметінен  босатуға 

болмайды.  Бірақ,  қызметкерге  бір  тəртіптік  теріс  қылығы  үшін  бір  тəртіптік 

жазамен  қатар  өзге  де  тəртіптік  емес  шараларды  қолдануға  болады.  Мысалы, 



220 

 

егер  қызметкердің  тəртіптік  теріс  қылығының  нəтижесінде  жұмыс  берушіге  



қандай  да  бір  материалдық  зиян  келтірілген  болса,  онда  қызметкер  тəртіптік 

жауаркершілікпен  қатар  материалдық    жауапкершілікке  де  тартылады.  Жұмыс 

беруші өзінің актісін шығару арқылы тəртіптік жаза қолданады. Жұмыс беруші 

тəртіптік  жазаны  қолданғанға  дейін  қызметкерден  жазбаша  түсініктеме  талап 

етуге міндетті. Қызметкердің жазбаша түсініктеме беруден бас тартуы  тəртіптік 

жаза  қолдануға  кедергі  жасай  алмайды.  Қызметкер  аталған  түсініктемені 

беруден  бас  тартқан  жағдайда  тиісті  акт  жасалады.  Тəртіптік  жазаның 

қолданылу  мерзімі  ол  қолданылған  күннен  бастап 6 айдан  аспауға  тиіс.  Егер 

осы мерзім ішінде қызметкер жаңа тəртіптік жазаға тартылмаса, оның тəртіптік 

жазасы  жоқ    деп  есептеледі.  Қызметкерге  тəртіптік  жаза  қолданған  жұмыс 

беруші  өзінің  бастамасымен,  қызметкердің  немесе  оның  тікелей  басшысының 

өтінуімен, қызметкерлер өкілінің өтініші бойынша тəртіптік жазаны мерзімінен 

бұрын алып тастауға болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет