əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген құқық бұзушылық
243
жасаған тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын жəне заңды мүдделерінен
айыру немесе шектеуден көрініс табады.
1. Ескерту – моральдық əсер етудің негізгі шарасы. Ескерту жасау ешқандай
мүліктік немесе физикалық зардапқа əкеп соқпайды, бірақ əкiмшiлiк жаза
қолдануға уəкiлеттi органның (лауазымды адамның) жасалған құқық
бұзушылыққа ресми түрде терiс баға беруiнен жəне жеке немесе заңды тұлғаны
құқыққа қарсы мiнез-құлыққа жол беруге болмайтындығы туралы
сақтандырудан тұрады. Ескерту əрқашан жазбаша түрде жасалады, ауызша
ескерту жазалау шарасы ретінде танылмайды. Аталған шараның өзіндік
зардаптары бар, атап айтсақ, жауапкершілікке тартылу фактісін тіркейді, ал ол
өз кезегінде дəл осындай теріс қылықты қайта жасаған жағдайда ауырлататын
мəн-жай ретінде ескерілуіне əкеліп соғады.
Достарыңызбен бөлісу: