3. Əкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған
затты өтемiн төлеп алып қою. Əкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не
нысанасы болған затты өтемiн төлеп алып қою, оны судья қаулысының
негiзiнде мəжбүрлеп алып қоюдан жəне сот актiлерiн орындау үшiн көзделген
тəртiппен кейiннен өткiзуден тұратын мүліктік жаза. Осындай затты өткiзуден
түскен соманы сот орындаушысы оларды өткiзу жөнiндегi шығыстарды шегере
отырып(коммисиялық дүкен – 5%, аукцион – 10%), меншiк иесiне бередi.
Аңшылық қаруды, атыс оқ-дəрiлерiн жəне аңшылықтың басқа да қаруларын
өтемiн төлеп алып қоюды аң аулау өмiр сүруiнiң негiзгi заңды көзi болып
табылатын адамдарға қолдануға болмайды. Өтемiн төлеп алып қою тек қасақана
құқық бұзушылық үшiн ғана қолданылуы мүмкiн.
Достарыңызбен бөлісу: |