Əкімшілік құқық бұзушылықтың объекті ƏҚБтК қорғайтын қоғамдық
қатынастар болып табылады. Əкімшілік жауапкершілікке 16 жасқа толған жеке
тұлға жəне заңды тұлғалар – əкімшілік құқық бұзушылықтың субъектілері,
тартылуы мүмкін.
Əкімшілік теріс қылықтың субъективтік жағы субъектінің жасаған
жағымсыз əрекетіне психикалық қатынасымен сипатталады. Субъектівтік жақ
кінə, ниет жəне мақсаттан тұрады. Кінəнің нысандары: қасақана жəне абайсызд.
Объективтік жағы – құқыққа қайшы əрекеттің сыртқы көрінісі болып
табылады. Объективтік жақтың негізгі элементтері əрекет (əрекетсіздік),
қоғамға қауіпті зардап, əрекет (əрекетсіздік) пен зарбаптың арасындағы себепті
байланыс. Əкімшілік құқық бұзушылықтардың көпшілігі формальдық құрам,
яғни қоғамға қауіпті зардаптың туындауын қажет етпейтін болып келеді. Кейде
əкімшілік құқық бұзушылық құрамын қалыптастыруда уақыты, орны,
жағдайдары сияқты элементтер де кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |