6. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куəлiктен)
айыру не белгiлi бiр қызмет түрiне не белгiлi бiр iс-əрекеттер жасауға оның
қолданылуын (оны) тоқтата тұру, оның ішінде тізілімнен алып тастау.
Аталған жазалау шарасын қолдану айтарлықтай құқықтық жəне
материалдық сипаттағы зардаптарға əкеліп соғады. Бұл жазалау шарасының
мəні берілген лицензияларда, арнаулы рұқсаттарда, біліктілік аттестаттарда
көрсетілген белгілі бір əрекеттерді жасау немесе қызмет түрімен айналысуына
тыйым салуда болып табылады. (Қазақстан Республикасының «Лицензиялау
туралы» 11 қаңтар 2007 жылғы Заңы). ƏҚБтК 54 бабында бұл жазалау шарасы
қолданылуы мүмкін субъектілер шеңбері көрсетілген – жеке тұлғаларды, дара
кəсiпкерлердi, жеке нотариустарды, жеке сот орындаушыларын, адвокаттарды
жəне заңды тұлғалар.
Лицензиядан айыру тек сот тəртібінде шешілуі мүмкін, ал тоқтата тұру
сот тəртібінде, сондай- ақ соттан тыс тəртіппен де шешілуі мүмкін. Белгiлi бiр
қызмет түрiне не белгiлi бiр iс-əрекеттер жасауға лицензияның қолданылуын
тоқтата тұру немесе арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куəлiктен)
уақытша айыру алты айға дейiнгi мерзiмге белгiленедi.
Достарыңызбен бөлісу: |