қолданылатын, тұлғаның белгілі бір құқықтарынан айырды көздейтін жазалау
шарасы болып табылады.
245
Көлік құралдарын жүргізу құқығын қоспағанда, арнаулы құқықтан айыру
мерзімі бір айдан кем болмауға жəне екі жылдан аспауға тиіс.
Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру мерзімі алты айдан екі жылға
дейін болуы мүмкін, ал алкогольден, есірткіден жəне (немесе) уытқұмарлықтан
мас күйінде көлік құралдарын жүргізгені үшін құқықтан айыру мерзімі екі
жылдан он жылға дейін болуы мүмкін.
Көлiк құралын масаң күйде жүргiзу, масаң күйдi куəландырудан белгiленген
тəртiппен өтуден жалтару, сондай-ақ аталған адамдардың белгiленген
ережелердi бұза отырып, өздерi қатысушысы болған жол-көлiк оқиғалары
болған жерден кетiп қалу жағдайларын қоспағанда, көлiк құралдарын жүргiзу
құқығынан айыруды, бұл құралдарды мүгедектiгiне байланысты пайдаланатын
адамдарға қолдануға болмайды.
Аң аулау, балық аулау құқығынан, аң аулау
қаруларын, оның оқ-дəрiлерiн жəне балық аулау құралдарын сақтау мен алып
жүру құқығынан айыруды, осы құқықты пайдалану тəртiбiн үнемi
бұзушылықты қоспағанда, аң аулау (балық аулау) өмiр сүруiнiң негiзгi заңды
көзi болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: