ҚҰҚЫҚ негіздері


Күштеп немесе психикалық мəжбүрлеу



Pdf көрінісі
бет230/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

 

Күштеп немесе психикалық мəжбүрлеу 

Қылмыстық  кодекстің 36-бабының 1-бөліміне  сəйкес  егер  күштеп 

мəжбүрлеу  салдарынан  адам  өзінің  іс-əрекеттеріне  ие  бола  алмаса,  күштеп 

мəжбүрлеудің нəтижесінде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру 

қылмыс болып табылмайды делінген. Бұрынғы қылмыстық заңдарда осы тектес 

ұғым  болған  емес.  Ұзақ  жылдардағы  сот-тергеу  тəжірибесі  көрсеткеніндей, 

күштеп  мəжбүрлеу  салдарынан  адам  қоғамға  қауіпті  іс-əрекеттер  жасап, 

азаматтар  мен  ұйымдардың  заңды  мүдделеріне  зиян  келтіреді.  Жаңа 

Қылмыстық  кодекстегі  арнаулы  норма  күштеп  мəжбүрлеу  салдарынан  болған 

əрекеттің  заңдылық  салдарына  баға  берген.  Осы  нормаға  сəйкес  осы  жағдайда 

істелген  іс-əрекет  қылмыс  болып  табылмайды  деп  тура  көрсетілген.  Мысалы, 

далада келе жатқан адамды қарақшы тоқтатып, көліктен алдап сыртқа шығарып, 

ұрып-соғып,  қорқытып  ұрланған  бір  жылқының  етін  қыстаққа  апаруға 

бұйырған. Немесе бір топ бандиттер сақтық банкісіне шабуыл жасап, күзетшіні 

атып өлтіріп, кассирге пышақ кезеу арқылы қорқытып, сейфтегі ақшаны тонап 

кетеді.  Осы  мысалдардағы  жүргізушінің  немесе  кассирдің  əрекеттері  қылмыс 

болып табылмайды, өйткені олар іс-əреекттерін күштеп мəжбүрлеу салдарынан 

өз еріктерінен тыс, іс-əрекеттерін басқара алмайтын жағдайда істеп отыр. 

Күштеу – бұл  белгілі  бір  əрекетті  істеуге  мəжбүрлеу.  Мұндай  реттерде 

жəбірленушіге  күш  қолданылып,  оның  жанын  қинайтын,  сөйтіп  оның  еркінен 

айыратын əрееттер орын алады. Күштеу тойтарылатын немесе тойтарылмайтын 

болып  екіге  бөлінеді.  Қылмыстық  кодекстің 36-бабының 1-бөлімінде 

көрсетілген  күшпен  мəжбүрлеу  тойтарылмайтын  жағдайда  ғана  орын  алады. 

Тойтарылатын  күштеуде  жəбірленушінің  белгілі  бір  əрекетті  істеу  мүмкіндігі 

сақталады.  Сондықтан  тойтарылатын  күшпен  мəжбүрлеуге  жол  берілгенде, 

адамға 36-баптың 1-бөлімі қолданылмайды. 

36-баптың 2-бөлімінде  мəжбүлеудің  екі  түрі – психикалық  мəжбүрлеудің, 

сондай-ақ  күштеу  нəтижесінде  осы  Кодекспен  қорғалатын  мүдделерге  зиян 

келтіргені үшін соның салдарынан адам өзінің іс-əреекттеріне басшылық жасау 

мүмкіндігін  сақтаған  жағдайда  қылмыстық  жауаптылық  туралы  мəселе 

қарастырылған.  Мұнда  сөз  тойтарылатын  психикалық  жəне  күштеп 

мəжбүрлеулер туралы болып отыр. Мұндай реттерде адамның белгілі бір ерікті 

таңдай  алу  мүмкіндігі  бар,  яғни  қылмысты  істеуге  немесе  істемеуге. 

Мəжбүрлеудің  осы  екі  түрі  бойынша  адам  қылмыстық  заңмен  қорғалатын 

мүдделерге  зиян  келтірген  жағдайда  олардың  əрекеттері  келтірілген  зиян 

тойтарылған  зияннан  көп  боғанда  ғана  қылмыс  болып  табылады,  ал  зиян  аз 

болса,  ондай  іс-əреектке  Қылмыстық  кодекстің 34-бабында  көрсетілген  аса 

қажеттілік ережесі қолданылып, іс-əрекеттің қоғамға қауіптілігі жойылады. 




280 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет