ҚҰҚЫҚ негіздері


 Тəуелсіз Қазақстанда мемлекет жəне құқық теориясының дамуы



Pdf көрінісі
бет23/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

3.3 Тəуелсіз Қазақстанда мемлекет жəне құқық теориясының дамуы 

Қазақстан  Республикасы  өз  тəуелсіздігін  жариялаған  кезеңнен  бастап 

мемлекет  алдында  дербес  мемлекеттің  мақсат  міндеттеріне  сəйкес  ел  мүддесін 

алдыға қойған қоғамдық ғылым даму қажет болды. Осы арнада да, заң ғылымы 

алға  жылжуды  бетке  алған  болатын.  мемлекет  жəне  құқық  теориясы  осы 

үрдістің негізінде өрби бастады. Ел тəуелсіздігін жариялағанға дейін мемлекет 

жəне  құқық  теориясы  таптық  сарында  өрбіп  келген  болса,  жалпы  өркениеттің 

жетістігіне  сүйенген  жаңа  бағыттың  негізінде  даму  өмір  қажеттілігі  екендігін 

уақыт көрсетті.  

Тəуелсіз  Қазақстан  жағдайында  мемлекет  жəне  құқық  теориясы  жалпы 

əлемдік  ғылымның  жеткен  жетістігінде  қайта  ой  елегінен  өткізіліп, 

құрылымдық  жүйелері  айқындала  түсті.  Тəуелсіздік  алған  алғашқы  жылдарда 

мемлекет  жəне  құқық  теориясын  Қазақстанда  оқыту  жəне  ғылым  ретінде  оны 

пайымдау  өте  күрделі  қарсылықтарға  ұшыраған  болатын.  оның  объективті  де 

себептері жоқ емес. Тəуелсіздік жылдарына дейін Қазақстанның мемлекет жəне 

құқық  теориясы  саласындағы  мамандары  көбінесе,  Кеңестік  орталыққа 

солардың  негізгі  тұжырымдары  мен  бағыттарына  сүйенген  болатын.  Осы 

жағдайда бірден толыққанды тұрғыда мемлекет жəне құқық теориясын дамыта 

қою  қиынның  қиыны,  болғаны  баршамызға  аян.  Тағы  да  бұл  жағдайға  қол 

байлау  болған  мəселе,  мемлекет  жəне  құқық  теориясынан  оқулықтар  ісін 

əзірлеудің қалыптасып, орныққан тəжірибесінің болмауы да өзінің кері тартушы 

ролін  атқарғандай  болды. 1990 жылдардың  екінші  жартысынан  бастап, 

қазақстандық ғалымдар тарапынан жоғарғы оқу орындарына оқулықтар əзірлеу 

ісі бірте-бірте қолға алына бастады.  

Тəуелсіз  елдің  дамуында  алғаш  рет  мемлекет  жəне  құқық  теориясы 

бойынша  оқулықты  сол  кезеңдегі  Қазақ  мемлекеттік  заң  институтының 

оқытушылары  Қ.Д.Жоламан,  А.ҚМұхтарова,  А.Н.Тəуекеловтер (1998 ж.) 

əзірлеп  ұсынған  болатын.  Əрине,  бұл  алғашқы  оқулықтардың  бірі 

болғандықтан,  көп  жағдайда  сол  кезеңде  ғылымда  орнығып  қалған  мемлекет 

жəне құқық теориясының құқықтық категориялары мен ұғым, түсініктеріне арқа 

сүйей  отыра,  жазылған  еді.  Қазақ  тіліндегі  алғашқы  осы  саладағы 

туындылардың  бірі  болғандықтан,  мемлекет  пен  құқық  теориясына  қатысты 

келелі  мəселелердің  көбісі,  өз  деңгейінде  орын  алмады.  Осы  кезеңде 

қазақстандық белгілі ғалымдар Ғ.С. Сапарғалиев пен А.С. Ибраева да мемлекет 

жəне  құқық  теориясынан (1998 ж.)  өздерінің  алғашқы  оқу  құралдарын  өмірге 

əкелген болатын. Бұл оқу құралының көп жағдайда өзіндік артықшылықтары да 

аңғарылып  тұрді.  Негізінен,  мемлекет  жəне  құқық  теориясында  қалыптасқан 

соңғы  кезеңдегі  концептуалдық  көзқарастар  мен  тұжырымдарда  орын  өзінің 



53 

 

                                                



орнын  алды.  Оқу  құралын  əзірлеушілер  тарапынан  құқық  қайнар  көзін 

айқындау  барысында  қазақ  тарихындағы  əдет  құқығының  ескерткіштері  де 

теориялық  тұрғыдан  саралана  отыра,  жалпы  мемлекет  жəне  құқық 

теориясындағы  орны  мен  ролі  де  бағамдала  түсті.  Бұл  оқу  құралы  өзінің 

көлемінің  қысқалығына  қарамастан,  сол  кезеңде  өте  өзекті  қырынан  танылған 

мемлекетті  жəне  құқықты  ұғынып,  түсінудің  əр  түрлі  бағыттарын  жүйелеп, 

берген  болатын.  Азаматтық  қоғам  мен  мемлекет  мəселесі  де  кең  көлемде 

сипатталып, берілген.  

Осы  уақыт  аралығында  қазақстандық  белгілі  ғалым,  профессор  У.Д. 

Құдайбергеновтің  мемлекет  жəне  құқық  теориясына  қатысты  оқу-əдістемелік 

құралы  да,  сол  кезеңдегі  Д.А.  Қонаев  атындағы  гуманитарлық  институттан 

өмірге  жолдама  алған  болатын.  Оқу-əдістемелік  құралында  мемлекет  жəне 

құқық теориясының негізгі түсініктері, жатық тілде айқын көрініс тапты. Белгілі 

саясаткерлер,  ғалымдар,  заңгерлердің  мемлекет  жəне  құқық  теориясы  туралы, 

заң мен заңдылық туралы, еркіндік пен əділдік туралы ойларыда орын алды.  

Мемлекет  жəне  құқық  теориясы  пəнінен  толыққанды  тұрғыда  қамтылып 

жазылған  тағы  бір  еңбектің  бірі,  профессор  Т.А.  Ағдарбековтің  «Құқық  жəне 

мемлекет  теориясы» (2002 ж.)  атты  жұмысы  болып  табылады. «Еңбектің 

жетістігіне, оның соңғы кездері Ресейдегі жарық көрген «Теория гсоударства и 

права»  оқулықтардың  бəрін  сүзіп  шығып,  жаңа  идеялары  мен  тұжырымдарын 

пайдаланылғанын, ауыз толтырып айтуға болады.  

Оқулықтың құрылымы жəне арнайы тарауларға бөлінуі, логикалық жүйені 

сақтау принципі негізінде іс жүзінде асырылған. Соның нəтижесінде, автордың 

ой-тұжырымдары 

мен 

байлам-қорытындылары 



əрбір 

тараудың 

параграфтарының  мазмұнынан  өзінің  сапалы  шешімін  тапқан.  Бұл  зерттеудің 

тағы  бір  көзге  түсетін  ерекшелігі – мемлекет  жəне  құқық  теориясының  кейбір 

мəселелерін  ашып  көрсетуде  тарихи  əдістемелікпен  тану  тетіктерін  молынан 

пайдаланғандығы.  Мемлекеттің  шығуы,  құқықтың  пайда  болуы,  құқықтық 

мемлекеттің қалыптасуы, мемлекет тетігінің түсінігі жəне құрамы, мемлекеттік 

билік  сияқты  т.б.  көптеген  мəселелерге  талдау  жасау  барысында  зерттеуші 

дүниежүзілік  саяси-құқық  тарихының  мемлекет  құрауда  жəне  демократиялық 

құқық  жүйесін    қалыптастыруда  пайдаланған  тəжірибелерін  мысал  ретінде 

жақсы  дəрежеде  пайдалана  білген»

3

. 2005 жылдары  профессор,  Қ.Д. 



Жоламанның «Мемлекет жəне құқық теориясы» атты оқулығы да бұл бағыттың 

дамуына ерекше үлес қосқан еңбектердің біріне жатады. Мемлекет жəне құқық 

теориясында үрдіске айналған негізгі ұғым-түсініктерді қамтумен қатар, соңғы 

кезеңде осы бағытта жеткен жетістіктердің де негізгі бағыттарын айқын ашып, 

көрсете алған. Соңғы кезеңде мемлекет жəне құқық теориясынан профессорлар 

С.Өзбекұлы  мен  Ө.Қопабаевтың (2006 ж.)  оқулығы  жарық  көрді.  Бұл  оқулық 

жаһандану  заманында  мемлекеттердің  даму  бағыттары  қандай,  федерация 

 

3



 Ағдарбеков Т. Құқық жəне мемлекет теориясы. – Алматы. - 2002. - 7-8 бб.

 



54 

 

                                                



құрамындағы  ұлттық  республика,  автономия  немесе  ұлттардың  жеке  тəуелсіз 

мемлекет құру идеясының болашағы қандай, ұлттық мемлекет құруда дəстүрлік 

саяси-құқықтық 

институттарды 

енгізу 

мəселесі, 

құқықтық 

реттеу 


функциясының  мүмкіндіктерін  арттыру,  тиімді  болуының  тетіктерін  жасау, 

адам  құқығын  аяққа  тапталмауының  демократиялық  сипаттағы  үлгісін  жасау, 

субъективизм мен волюнтаризмге жол бермеу, құқық бұзушылықпен күресудің 

жаңа  тұжырымдамасы  мен  теориясын  қалыптастыру,  оны  əлеуметтік 

практикада пайдалану

4

 мəселелерін толық ашып айқындай алды. Мемлекет пен 



құқықтың  шығу  теориясын  айқындау  барысында  қазақтың  белгілі  ойшылдары 

Ш.  Уалихановтың,  Б.  Сыртановтың  жəне  т.б.  ой-тұжырымдарын  негізге  ала 

отыра,  өрбіте  білді.  Көшпелі  қазақ  өркениетіндегі  құқықтың  негізгі 

ерекшеліктерінде  көрсете  отыра,  басты-басты  сипаттамаларына  да  жұмыста 

орын берді.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет