59
К.Савиньидің ойы бойынша, ақыл-ой емес, заң шығару емес, құқықты
жасайтын құқық өзіндік ішкі даму заңдылығына сəйкес қалыптасып, дамитын
тарихи-құбылыс ретінде қабылданды. Құқық түзушілік ұзақ тарихи үрдісті
қажет етеді деп есептелді. Құқықты халық санасының дамуымен тікелей
байланыста қарастырды. Соған сəйкес құқықты тарихи тұрғыда оқып үйренуді
ұсынды. Оның ішінде С.Савиньи рим құқығын оқып үйренуді алға тартты.
Құқықтың тарихи мектебін одан əрі дамыту Г.Ф.Пухтаға бұйырылды. Оның
ойы бойынша, құқық көзге көрінбейтін тұрғыда қалыптасады, бірақ та ол
дамымайды. Құқықтың алғашқы нысаны əдет-ғұрып болып табылады, мемлекет
оны кейіннен заң ретінде бекітеді, содан кейін барып оны заңгерлер оны оқып
үйренеді жəне талқылайды. Құқықтық сананың басты сатыларының бірі,
заңгерлер тарапынан барқұқықты оқып үйрену болып табылады. Бұл теория
өзінің табиғаты бойынша консервативтік сипаттағы ілімдердің қатарына
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: