ҚҰҚЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет27/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

Келісім-шарт  теориясы.  Келісім-шарт  теориясы  мемлекет  пен  құқықтың 

шығуын    түсіндіретін  философиялық-құқықтық  теорияның  бірі.  Келісім-шарт 

теориясының  бастаулары,  оның  кейбір  элементтері  мен  идеялары,  Ежелгі 

Шығыс  жəне  Ежелгі  Антика  дəуірлеріне  барып  тіреледі.  Ал  теориялық 

концепция  ретінде  ХҮІІ-ХҮІІІ  ғасырларда  қалыптасып,  дамыды.  Келісім-шарт 

теориясының  негізін  Г.Гроций,  Т.Гоббс,  Дж.Локк,  Б.Спиноза,  Ж.Ж.Руссо, 

А.Н.Радищев  жəне  т.б.  қалаған  болатын.  Келісім-шарт  теориясына  сəйкес 

мемлекет  пайда  болғанға  дейін  адамдар  табиғи  қалыпта  өмір  сүрді.  Табиғи 

қалып «алтын ғасыр» барлығына қарсы соғысы шектеусіз, еркіндік т.б. тұрғыда 

түсіндіріледі.  Келісім-шарт  теориясы  табиғи  құқық  концепциясымен  астасады. 

Табиғи жағдайда өмір сүріп жатқан адамдар ортадағы қарама-қайшылықтардың 

нəтижесінде құқықтарының белгілі бір бөлігін «мемлекет» деген ұйымға беріп, 

соның  талаптарына  сəйкес  өмір  сүру  туралы  өзара  қоғамдық  келісімге  келеді. 

Əрине, бұл теория бойынша мемлекет адамдардың құқығына қол сұғатын болса, 

келісімге  сəйкес  мемлекеттен  бас  тартуына  шартты  бұзуларына  қоғам 

мүшелірінің  еркі  сақталады.  Келісім-шарт  теориясы  өзінің  прогрессивтік 

сипатымен  ерекшеленген  теориялардың  қатарына  жатады.  Келісім-шарт 

теориясы  құқықтық  мемлекеттің  концептуалдық  негізі  болып  табылған 

теориялардың  бірі.  Бұл  теорияның  негізгі  талаптары 1789 жылғы  «Адам  мен 

азамат  құқықтарының»  Декларациясына    енгізілген  болатын.  Қанша  алдыңғы 

қатарлы  теория  болып  табылса  да,  кезінде  феодалдық  сословиелік  билікке 

қарсы  қойылған,  еуропаның  көп  елдерін  демократиялық  жолға  түсуге 

итермелеген  концептуалды  бағыттағы  ой-тұжырымдарға  сүйенсе  де,  осы 

уақытқа  дейін  бұл  теорияның  шынайылығын  дəлелдейтін  ғылыми  мəліметтер 




57 

 

жоқ деп айтуға болады. Бұл теория көп жағдайда мемлекет пен құқықтың пайда 



болуының экономикалық басқа да алғышарттарын негізге алмайды.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет