ҚҰҚЫҚ негіздері


 Қылмыстық құқықтың  Ерекше бөлімінің түсінігі жəне оның маңызы



Pdf көрінісі
бет250/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

11.10 Қылмыстық құқықтың  Ерекше бөлімінің түсінігі жəне оның маңызы 

 

Қылмыстық  құқықтың  Ерекше  бөлімі  қылмыстың  жеке    түрлеріне 

қылмыстық  жауаптылық  негіздерін  жəне  осы  қылмыстардың  құрамының 

белгілерін,  сондай-ақ  оған    тағайындалатын  тиісті  жаза  түрлерін  белгілейтін 

нормалардың жиынтығы болып табылады. 

 

Қылмыстық  құқықтың  Жалпы  бөлімінде  қылмыс  туралы  ұғым,  жаза 



түрлерінің тізбегі, қылмыстық жауаптылықтан жəне жазадан босатудың жалпы 

принциптері (қағидалары) сөз болса, ал Ерекше бөлімде нақты қандай қоғамға 

қауіпті іс-əрекеттің қауіпті қылмыс  болатыны жасалған қылмысқа қылмыстық 

құқықтың  Жалпы  бөлімінің  нормаларымен    белгіленген    нақты  бір  жаза  түрін 

тағайындау  мəселелері  қарастырылады.  Қылмыстық  құқықтың  Жалпы  жəне 

Ерекше  бөлімі  өзара  тығыз  байланыста  болады,  осы  екі  бөлімнің  жиынтығы 

Қазақстан  Республикасының  қылмыстық    құқығын    құрайды.  Қылмыстық 

құқықтың  өзін  Жалпы  жəне  Ерекше  бөлім  деп  бөлудің  себебі,  осы  пəнді 

ғылыми-əдістемелік  тұрғыдан  терең  оқытудың  қажеттігінен  туындап  отыр. 

Өйткені  Қылмыстық  құқықтың  Жалпы  бөліміндегі  теориялық  мəселелерді 




304 

 

Ерекше  бөлімнің  əрбір  бабы  бойынша  тағы  да  қайталамау  үшін,  сондай-ақ 



Ерекше  бөлімдегі  жеке  қылмыстардың  құрамының  белгілерін  қайталап 

сипаттап жаттау үшін осы пəн екі бөлімге бөлініп оқытылады. Негізінен алғанда 

Жалпы  жəне  Ерекше  бөлім  тұтастай  бір  қылмыстық  құқық  ғылым  пəнін 

құрайды. 

 

Жалпы  жəне    Ерекше  бөлімнің  бірлігі  сот  тəжірибесінде  айқын  көрінеді. 



Жалпы  бөлімнің  нормаларын  басшылыққа  алмайынша  Ерекше  бөлімнің 

нормаларын  қолдану  мүмкін  емес,  немесе  көрісінше  Ерекше  бөлім  нормалары 

болмаса, Жалпы бөлім нормаларының іске асырылуы мүмкін емес. 

 

Қылмыстық    құқықтың  Ерекше  бөлімінде  көрсетілген  Қылмыстық 



құқықтың  нақты  белгілі  бір  бабы  бойынша  қылмыстық  құқықтың  Ерекше 

бөлімінде  көрсетілген  қылмыстық  жауаптылыққа  тарту  үшін  Жалпы  бөлімде 

көрсетілген  нормаларға  соқпай  өтуге  болмайды.  Мысалы,  кінəнің  нысандар 

жəне  олардың  мазмұны,  қылмыстық  жауаптылықты  белгілейтін  жас  мөлшері, 

қылмысқа 

қатысудың 

ұғымы, 

қылмысқа 

қатысу 

нысандары 

жəне 

қатысушылардың  түрлері,  қылмысқа  даярланғандық  немесе  оқталғандық 



сияқты  түсініктер  тек  қана  Жалпы  бөлімде  айқындалған.  Істелген  қылмысқа 

жаза тағайындағанда да Қылмыстық  кодекстің Жалпы бөліміндегі нормаларды 

айналып  өтуге  болмайды.  Өйткені  жазаның  ұғымы  мен  мақсаттары,  жазаның 

түрлері, жаза тағайындаудың жалпы негіздері қылмыстық жауаптылықтан жəне 

жазалаудан босату тек қана Жалпы бөлімде көрсетілген. 

 

Қылмыстық  құық  нормаларының  Жалпы  жəне  Ерекше  бөлімдерінің 



осындай бірлігі олардың алға қойған мақсаттарынан да айқын көрінеді. Жалпы 

жəне  Ерекше  бөлімнің  мақсаты  қоғамға  қауіпті  іс-əрекеттерге  заңдылық  баға 

беріп,  істелген  қылмыс  үшін  заңда  белгіленген  жазаны  əділ  қолдану  болып 

табылады.  Ерекше  бөлім  туралы  жоғарыда  айтылған  анықтамаларды 

басшылыққа ала отырып, Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімі курсының пəні 

туралы мəселені шешуіміз қажет.  

 

Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімі курсының пəні дегеніміз қылмыстың 



жеке  түрлеріне  қылмыстық  жауаптылық  белгілеу  жəне  осы  қылмыстың 

құрамының  белгілерін,оларға  тиісті  жазаны  анықтайтын  нормалардың 

мазмұнын ашу болып табылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет