ҚҰҚЫҚ негіздері


Жаза тағайындаудың жалпы негіздері



Pdf көрінісі
бет249/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

Жаза тағайындаудың жалпы негіздері 

Қылмыстық 

құқық 

жаза 


тағайындағанда 

кінəлінің 

жеке-дара 

жауапкершілігі қағидасын басшылыққа алады. Онда былай делінген: 

52-бап. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері 

1.  Қылмыс  жасауға  айыпты  деп  танылған  адамға  осы  Кодекстің  Ерекше 

бөлімінің тиісті  

бабында белгіленген шекте жəне осы Кодекстің Жалпы бөлімінің ережелері 

ескеріле отырып,  

əділ жаза тағайындалады. 

2.  Қылмыс  жасаған  адамға  оның  түзелуі  жəне  жаңа  қылмыстардың  алдын 

алу  үшін  қажетті  жəне  жеткілікті  жаза  тағайындалуы  тиіс.  Егер  жасалған 

қылмыс  үшін  көзделген  жазаның  онша  қатаң  емес  түрі  жазаның  мақсатына 

жетуді  қамтамасыз  ете  алмайтын  болса  ғана  ол  үшін  көзделгендері  арасынан 

неғұрлым  қатаң  жаза  тағайындалады.  Жасалған  қылмыс  үшін  осы  Кодекстің 

Ерекше  бөліміндегі  тиісті  баптарда  көзделгеннен  неғұрлым  қатаң  жаза  осы 

Кодекстің 58-ші  жəне 60-шы  баптарына  сəйкес  қылмыстардың  жиынтығы 

бойынша    немесе  үкімдердің  жиынтығы  бойынша  тағайындалуы  мүмкін. 

Жасалған  қылмыс  үшін  осы  Кодекстің  Ерекше  бөліміндегі  тиісті  баптарда 

көзделгеннен қатаңдығы төменірек  жаза тағайындау үшін негіз осы Кодекстің 

55-бабында белгіленді. 

3.  Жаза  тағайындау  кезінде  қылмыстың  сипаты  мен  қоғамдық  қауіптілік 

дəрежесі айыпкердің жеке басы, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі 

жəне  одан  кейінгі  мінез-құлқы,  жауаптылық  пен  жазаны  жеңілдететін  жəне 

ауырлататын мəн-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаны сотталған адамның 

түзелуіне  жəн  оның  отбасының  немесе  оның  асырауындағы  адамдардың 

тіршілік жағдайына ықпалы ескеріледі. 

Қылмыстық  заңның  осы  бабында  көрсеттілген  талаптарды  бірнеше  топқа 

бөлуге  болады.  Оның  біріншісі,  əділ  жаза  тағайындалуы  бодып  табылады. 

Əділеттілік принципі Қылмыстық кодекстің 3-бабында арнайы көрсетілген. Осы 

бапқа  сəйкес  адамның  қылмыс  қүрамының  белгілері  бар  іс-əрекеті  ғана 

қылмыстық  жауаптылықтың  негізі  болады.  Бір  қылмыс  үшін  ешкімді  де 

қайтадан қылмыстық жауапқа тартуға болмайды делінген. Жазаның əділеттілігі 

істелген қылмыстың ауырлығына, оны істеу жағдайларына жəне кінəлінің жеке 

басының  кім  екендігіне  сай  келуі  қажет.Тағайындалған  жаза  қылмыскердің  іс-

əрекеті  нің  заңдылық  зардабы,  нəтижесі  болуы  керек.  Жазаның  шегі  оның  іс-

əрекетінің  шегіне  сайма-сай  дəл  келуі  керек.  Осыған  байланысты  тым  жеңіл 

немесе  тым  ауыр  жаза  тағайындалуға  жол  бермеуі  керек.  Тағайындалған  жаза 




302 

 

істелген қылмысына пара-пар келетін əділ болғанда ғана ол өз мақсатына жетері 



анық.  

Жаза  Қылмыстық  кодекстің  Ерекше  бөлімінің  тиісті  бабында  белгіленген 

шекте  тағайындалады.  Яғни,  сот  жаза  тағайындағанда  кінəлінің  істеген 

қылмысы  үшін  жазаның  мөлшерін,  түрін  сол  баптың  санкциясы  көрсеткен 

шектен шықпай тағайындауға міндетті. Сондықтан да əділ жаза тағайындаудың 

алғы  шарты    іс-əрекетті  дұрыс  саралау,  яғни  істелген  іс-əрекеттің  белгілерінің 

нақты  қылмыс  қүрамы  белгілеріне  дəлме-дəл  сай  болуын  анықтау  өте  қажет. 

Қылмысты  дұрыс  сараламау  əділетсіз  жаза  тағайындауға  əкеліп  соғады. 

Қылмыстық  заңның  нақты  құрамының  санкциясында  көрсетілген  жаза 

мөлшерінің  ең  жоғарғы  шегінен  шығып,  жаза  тағайындауға  заң  ешқандай  жол 

бермейді.  Керісінше,  сот  жаза  тағайындағанда  қылмыстық  заңның 55-бабында 

көрсетілген  шарттарды  еске  ала  отырып,кінəліге  белгілі  бір  қылмыс  үшін 

көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындауға құқылы. 

Сондай-ақ  жаза  тағайындағанда  Ерекше  бөлімнің  нақты  бабының 

санкциясының шегін ескермеумен бірге Кодекстегі Жалпы бөлімнің ережелерін 

де  басшылыққа  алуға  міндетті.  Яғни,  сот  адамды  қылмыстық  жауаптылыққа 

тарту  үшін  алдымен  оеың  іс-əрекетінде  қылмыс  құрамы  бар  ма,  жоқ  па  осы 

мəселені анықтайды. Егер қылмыс құрамы бар болса, ол біткен немесе бітпеген 

қылмыс па, қылмыскер оны  жеке өзі немесе басқалармен бірге істеді ме деген 

мəселелерді анықтайды. Бұл сүрақтарға жауап алу үшін ең алдымен Қылмыстық  

кодекстің  Жалпы  бөліміндегі  қылмыстың  ұғымы,  оның  сатылары,  қылмысқа 

қатысу  ұғымы,  іс-əрекеттің  қылмыстылығын  жояатын  жағдайлар,  қылмыстық 

заңның  уақыттағы,  кеңістіктегі,  қылмыс  жасаған  адамдарға  қатысты 

қолданылуы  сияқты  мəселелерді  анықтау  керек.  Қылмыстың  құрамы  бір  іс-

əрекеттерге  жаза  тағайындағанда  сот  ең  алдымен  адамды  қылмысты 

жауаптылықтан  жəне  жазадан  босатуға  негіздер  бар  ма,  жоқ  па  деген 

мəселелерді  анықтауға  міндетті.  Егер  сот  жасаған  қылмысы  үшін  жаза 

тағайындау  қажет  деп  тапса,  онда  ол  Қылмыстық  кодекстің  Жалпы  бөлімінен 

жаза  туралы  бөліміндегі  негізгі  қағидаларды-жазаның  ұғымы  мен  мақсаты, 

жазалау  түрлері,  жаза  тағайындаудың  жалпы  негіздерін  басшылыққа  ала 

отырып  біткен  немесе  бітпеген  қылмыстарға,  қайталанған,  қатысып  жасалған 

қылмыс үшін, қылмыстардың, үкімдердің жиынтығы үшін жаза тағайындаудың 

ерекшеліктерін  ескереді.  Сондай-ақ  мерзімдердіқосу  кезінде  оларды  белгілеу, 

жаза  мерзімдерін  есептеу  жəне  жазаны  есепке  алу  туралы  Жалпы  бөлімінің 

ережелері негізгі басшылыққа алынады. 

Егер  жасалған  қылмыс  үшін  көзделген  жазаның  онша  қатаң  емес  түрі 

жазаның  мақсатына  жетуді  қамтамасыз  ете  алмайтын  болса  ғана  сол  үшін 

көзделгендердің  арасынан  неғұрлым  қатаң  жаза  тағайындалады.  Бұл  жерде 

балама  санкйияларды  қолдану  туралы  сөз  болып  отыр.  Қылмыстық  кодекстің 

39-бабында жазаның түрлерінің тізбегі  онша қатаң еместен, қатаң түріне қарай 




303 

 

тізбектеліп берілген. Осыған орай сот жазаның мақсатына жету үшін қажет деп 



тапса,  санкцияда  көрсетілген  балама  жазалардың  қатаң  түрін  тағайындауға 

құқылы.  Қылмыстық  кодекстің 48-бабының 3-бөлігінде  қылмыстардың  жəне 

үкімдердің  жиынтығы  бойынша  жазаның  қатаң  түрін  тағайындаудың  тəртібі 

жəне оның шегі арнайы көрсетілген. 

Сот  жаза  тағайындағанда  істелген  қылмыстың  сипатын  жəне  қоғаға 

қауіптілік  дəрежесін,  айыптының  жеке  басының  кім  екендігін,  істің 

жауаптылықты жеңілдететін жəне ауырлататын мəн-жайларын еске алады. Осы 

айтылған факторлардың мазмұнын нақтылап толықтыратын, оларға бағынышты 

түсінік болып табылады. 

Осы  жоғарыда  айтылған  екі  негіз  факторға  сипаттама  берелік.  Бірінші, 

істелген  қылмыстың  қоғамға  қауіптілік  дəрежесін  анықтау  арқылы    жаза 

тағайындау. Заң бойынша əрбір əстелген нақты қылмыстың қоғамға қауіптілігі 

екі жағынан: сапалық (қоғамға қауіптілік сипаты) жəне сандық (оның дəрежесі) 

белгілері  арқылы  белгіленеді.  Қылмыстың  қоғамға  қауіптілік  дəрежесі 

қылмыстың  объективтік  жəне  субъективтік  белгілері  арқылы  анықталады. 

Мүның  ішінде  объктивтік  белгілері  (қылмыстың  объективті  зардабы,  іс-

əрекеттің мəні, қылмыстың істелген уақыты, тəсілі, оның жағдайы) субъктивтік 

белгілері,  кінəнің  формасы,  қылмыстық  ниет  немесе  мақсат  жан-жақты  еске 

алынады.   

Қылмыстық кодекстің 52-бабының келесі бір маңызды талабы айыптының 

жеке  басының  кім  екендігін  анықтау  болып  табылады.  Өйткені  оны 

сипаттайтын  мəн-жайларды  дұрыс  анықтаудың  жазаны  даралаудағы  маңызы 

зор. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет