жеке қылмыстық нормалардың топтық объектілік белгісі бойынша белгілі бір
бөлімінің жүйесін дұрыс құру қылмысты саралауға ғана емес, сонымен бірге
305
онымен белсенді күрес жүргізуге, оның алдын алуға, əділ жаза тағайындауға
толық мүмкіндік береді. Қылмыстық құқықтың Ерекше нормаларын бөлудің
негізі болып – қылмыс объектісі, атап айтқанда қылмыстың топтық объектісі
негіз бола алады. Топтық объект қоғамға қауіптілігі бірдей едəуір қылмыс
топтарының объектісі, яғни ол өзара ұқсас қылмыстардың бір тарауға
топтастырылуының негізі. Кейбір қылмыстарды топқа бөлу – топтық объект
ғана емес, қылмыс субъектісінің ерекшіліктері де ескеріледі. Мысалы,
мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы, əскери қылмыстар. Қылмыстық
құқықтың топтық объектісін заң шығарушы қылмыстық заң қорғайтын нақты
қоғамдық қатынастардың кейбір салаларының маңызының артуы сөз жоқ оның
қылмыстық құқық нормалары арқылы қорғалуын да күшейді. яғни ондай
қоғамдық қатынастарды қорғайтын жаңа қылмыстық заң нормасы енгізіліп,
қылмыстық жауаптылықтың ауқымы кеңиді немесе күшейеді. Немесе кейбір
қоғамдық қатынастар қылмыстық құқық нормалары арқылы қорғауды қажет
етпесе, ондай қылмыстар тобы қылмыс қатарынан шығарылып тасталады.
Мысалы, Қазақстан Республикасы жаңа Қылмыстық кодексін қабылданғанда
көптеген бұрынғы тауарлары, қылмыс құрамдары Кодекске енгізілмеген.
Керісінше Кодексте бірнеше жаңа тараулар пайда болды.
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінің Ерекше
бөлімінде мынандай 16 тарау бар:
1.Жеке адамға қарсы қылмыс.
2.Отбасына жəне кəмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар.
3.Адамның
жəне
азаматтың
конституциялық
құқықтары
мен
бостандықтарына қарсы қылмыстар.
4.Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.
5.Мемлекеттің конституциялық құрылысына жəне қауіпсіздігіне қарсы
қылмыстар.
6.Меншікке қарсы қылмыстар.
7.Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар.
8.Коммерциялық жəне өзге ұйымдардың қызмет мүдделеріне қарсы
қылмыстар.
9.Қоғамдық қауіпсіздікке жəне қоғамдық тəртіпке қарсы қылмыстар.
10.Халықтың денсаулығына жəне адамгершілікке қарсы қылмыстар.
11.Экологиялық қылмыстар.
12.Көліктегі қылмыстар.
13.Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар.
14.Басқару тəртібіне қарсы қылмыс.
15.Сот төрелігіне жəне жазалардың орындалу тəртібіне қарсы қылмыстар.
16.Əскери қылмыстар.
Достарыңызбен бөлісу: