ҚҰҚЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет261/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

      Қылмыстық іс қозғау сатысы. Əр қылмыс бойынша іс жүргізу осы сатыдан 

басталады. Бұл сатының мəні - өкілетті органдар, олардың лауазымды адамдары 

қылмыстың  белгілері  ашылған  əр  кезде  іс  жүргізуді  бастау  туралы  тез  арада 

шешім  шығарулары  қажет.  Қылмыстық  іс  қозғау  туралы  шешім  ғана  одан  əрі 

қылмыстық  іс  жүргізу  қызметі  толық  көлемде  атқарылады,  яғни  алдын  ала 

тергеу  немесе  анықтама  жүргізу  арқылы  істелген  қылмыстың  мəн-жайларын 

ашу мүмкін болады. Қылмыстық іс қозғау өкілеттігі прокурорға жəне алдын ала 

тергеу жүргізу органдарына (тергеуші, анықтау органдары) берілген.  

      Қылмыстарды алдын ала тергеу сатысы.  Қылмысты тез жəне толық ашып, 

айыпты  адамды  қылмыстық  жауапқа  тарту  мақсатында  қолданылатын  жəне 

заңмен  реттелген  тергеуші  мен  анықтау  органдарының  қызмет  жүйесі  болып 

табылады.  Қылмыстарды  тергеу  екі  түрде  жүзеге  асырылады:   анықтау  жəне 

алдын  ала  тергеу.  Алдын  ала  тергеу  жəне  анықтау  қызметі  тергеу  əрекеттерін 

(тінту,  жауап    алу,  зат  алу  жəне  т.б)  қолдану  арқылы  жүргізіледі.  Анықтау 

органдары  тергеу əрекеттерімен қатар жедел іздестіру шараларын да қолданып 

қылмысты  ашады.  Алдын  ала  тергеу  жүргізу  айыпталушы  ретінде  жауапқа 

тартумен аяқталмайды. Бұдан əрі қарай істелген қылмыстың мəн-жайын толық 

жəне жан-жақты ашып зерттеу тергеу органдарының міндеттеріне жатады. 

       Басты  сот  талқылауын  тағайындау  сатысы.  Қылмыстық  іс  айыптау 

қорытындысымен бірінші сатыдағы  сотқа келіп түскен соң іс жүргізудің жаңа 

сатысы басталады. Бұл кезде соттың төрағасы немесе оның тапсыруы бойынша 

басқа  судья  істі  осы  сотта  қарауға  қабылдау  мəселесін  шешеді.  Ол  үшін  судья 

қылмыстық  істің  материалдарымен  мұқият,  толық  көлемде  оқып  танысуы 

қажет.  Егер  де  алдын  ала  тергеу  жəне  анықтау  жүргізу  кезінде  қылмыстық  іс 

бойынша жиналған дəлелдемелер істі сот отырысында қарап шешуге жеткілікті 

болса,  онда  судья  басты  сот  талқылауын  тағайындау  туралы  қаулы  шығарады. 

Бұдан кейін осы қаулыға сəйкес басты сот талқылауы жүргізіледі.  

      Басты  сот  талқылауы.  Бұл  сатыда  алдын  ала  тергеу  немесе  анықтау 

жүргізу  кезінде  жиналған  жəне  айыптаушы  мен  қорғаушы  жақтары  ұсынған 

дəлелдемелер жан-жақты зерттеліп, соның негізінде қылмыстық іс бойынша сот 

төрелігі  жүзеге  асырылады.  Ал  басты  сот  талқылауының  өзі  бес  бөлімнен 

тұрады:1)  дайындық  бөлімі; 2) сот  тергеуі; 3) соттағы  сөзжарыстар; 4) 

сотталушының соңғы сөзі; 5) үкім шығару.  

      Апелляциялық  тəртіппен  істерді  қарау.  Бұл  сатының  негізгі  мақсаты – 

заңды  күшіне  енбеген  бірінші  сатының  соттары  шығарған  үкімдер  мен 

қаулылардың  дұрыстығын  (заңдылығын,  дəлелдігін)  екінші  саты  сотының  тез 

арада  тексеріп,  онда  қателіктер  жіберілген  болса,  ол  қателіктерді  уақытында 

жою  болып  табылады.  Апелляциялық  шағымды  немесе  наразылықты  сот 

үкімдеріне,  Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Сотының  үкімдерін  қоспағанда, 



330 

 

үкім жарияланған күннен бастап он тəулік ішінде беруге болады. Егер де үкімге 



апелляциялық  шағым  берілген  болса,  онда  іс  міндетті  түрде  апелляциялық 

сатының сотында қаралуы тиіс.  

       Қылмыстық іс жүргізу басқа сөзбен айтқанда қылмыстық сот ісін жүргізу 

деп те аталады, қылмыстық іс жүргізу заңында жəне ғылыми еңбектерде де осы 

екі термин аралас қолданылады. Бұл терминдер бір-біріне қайшы емес, олар бір 

ұғымды білдіреді деп саналады. Себебі –қылмыстық іс жүргізу алдын ала тергеу  

органдарының  немесе  прокурордың  қызметімен  аяқталмайды,  қылмыстық  іс 

жүргізудің жалғасы сот қызметі түрінде атқарылады. Сондықтан қылмыстық іс 

жүргізуді  қылмыстық  сот  ісін  жүргізу  деп  те  атауға  болады.  Яғни, 

«қылмыстық  сот  ісін  жүргізу»  сот  төрелігін  жүзеге  асырудың  бір  түрі  болып 

табылады.  Осыдан  сот  төрелігі  ұғымының  қылмыстық  іс  жүргізу  ұғымымен 

сəйкес  жері  көрінеді  қылмыстық  істі  сотта  қарап  шешу  сот  төрелігіне  жатады. 

Бірақ та қылмыстық іс жүргізу ұғымы сот төрелігі ұғымымен бірдей емес. Сот 

төрелігі дегенімі з- бұл соттың қылмыстық істермен қатар басқа да (азаматтық, 

əкімшілік)  істерді  қарап  шешу  үшін  мемлекет  атынан  атқарылатын  қызметтің 

арнайы түрі болып табылады. «Сот төрелігі» ұғымының тікелей мағынасы – сот 

қызметі  болып  табылады  да,  ал  «қылмыстық  іс  жүргізу»  ұғымы  соттың 

қызметімен қатар, алдын ала тергеу органдарының жəне прокурордың қызметін 

қамтиды.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет