Сезікті. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 68-
бабының 2-бөлігінде: «Тергеуші, анықтаушы қылмыс жасады деп күмəн
келтірілгендігін хабарлап, соған байланысты осы Кодексте белгіленген
негіздерде жəне тəртіппен өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған, не ұстау
жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасы қолданылған
адам сезікті болып танылады» деп көрсетілген. Заң бойынша қылмыстық істе
сезіктінің пайда болуының бірнеше шарттары бар:
- қылмыстық іс қозғалған кезден бастап;
- адамның сезікті ретінде ұсталуы (ұстау үшін ҚР ҚІЖК-ң 132-бабында
көрсетілген негіздер болуы міндетті);
- айыпталғанға дейін бұлтарпау шарасының біреуін қолдану (ҚР ҚІЖК-ң
142-бабында көрсетілген негіздер).
Сезікті қылмыстық сот ісін жүргізудің тұрақты қатысушысы болып
табылмайды. Адамды сезікті деп танудың негізінде, оның қылмыстық əрекет
(əрекетсіздікті) жасау күдігі жатыр. Ол құқық қорғау органдарымен дəлелденуі
қажет, басқаша жағдайда адам сезікті санатынан алынып тасталады. Сезіктінің
құқығы ол осы санатқа кірген бірінші күннен бастап қорғалуы қажет. Осы
кезден бастап адам адвокат-қорғаушының көмегіне жүгінуге құқықты болуы
шарт. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасында «сезіктіні ұстау» жəне «нақты ұстау
сəті» ұғымдарын нақтылап анықтау қажет деп ойлаймыз.
13
Қылмыстық іс жүргізу заңына сай, сезiктi ұсталған немесе оған айып
тағылғанға дейiн бұлтартпау шаралары қолданылған жағдайда ұсталған немесе
бұлтартпау шаралары қолданылған кезден бастап жиырма төрт сағаттан
кешiктiрiлмей, өзi таңдаған немесе тағайындалған қорғаушымен алғашқы жауап
алуға дейiн оңаша жəне құпия жолығу құқығы қамтамасыз етiле отырып, одан
жауап алынуы тиiс. Ұсталған сезiктi телефон арқылы немесе өзге де тəсiлмен
дереу өзiнiң тұрған жерiне немесе жұмыс орнына өзiнiң ұсталғандығы жəне
ұсталып
отырған
жерi
туралы
хабарлауға
құқылы.
Заң бойынша күдікті деп тану туралы қаулы шығарылады. Адамды күдікті
деп тану туралы қаулы сол адамға ұсынылады. Тергеушi күдікті деп тану
туралы қаулы шығарылған адамға күдiктiнiң құқықтарын түсiндiруге жəне
қаулының көшiрмесiн тапсыруға мiндеттi. Қаулы шығарылғаннан кейiн оның
көшiрмесi
жиырма
төрт
сағаттың
iшiнде
прокурорға
жiберiледi.
12
Қуаналиева Г.А. Қазақстан Республикасының қылмыстық сот ісін жүргізуде адам құқықтарын қамтамыз ету
мəселелері: заң ғылым.доктор. ... дисс. авторефераты. 12.00.09. – Алматы, 2010. – 19 бет.
13
Қуаналиева Г.А. Қазақстан Республикасының қылмыстық сот ісін жүргізуде адам құқықтарын қамтамыз ету
мəселелері: заң ғылым.доктор. ... дисс. авторефераты. 12.00.09. – Алматы, 2010. – 20 бет.
324
Айыпталушы. Айыпталушының процесуалдық жағдайы сезіктіге ұқсас
келеді. Адамның кінəсі дəлелденбей оған қылмыскер ретінде қарауға болмайды.
Кез келген тікелей немесе жанама түрде айыпталушыны қылмыскерге теңестіру
оған деген қарым-қатынастың жалпы сипатына, сондай-ақ оның құқықтарын
қамтамасыз етуге əсер етеді.
ҚР ҚІЖК-ң 69-бабының 1-бөлігіне сəйкес: «Өзiне қатысты айыпталушы
ретiнде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан адам, сондай-ақ оған қатысты
анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын немесе сотқа дейінгі
жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын жасаған жəне бекіткен не тергеуші сотқа
дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын жасаған адам айыпталушы болып
танылады». Заңда адамның қылмыстық сот ісін жүргізу сатыларындағы
жағдайы да анықталған. Мəселен, сотқа берілген, ал жеке айыптау істері
бойынша өзіне қатысты шағымды сот өзінің іс жүргізуіне қабылдаған
айыпталушы, - сотталушы, өзiне қатысты айыптау үкiмi шығарылған
айыпталушы, - сотталған адам, өзiне қатысты ақтау үкiмi шығарылған
айыпталушы, - ақталушы ретінде танылады.
Қазақстан
Республикасының
Қылмыстық
іс
жүргізу
кодексінде
айыпталушының құқықтары тікелей құқықтары көрсетілген. Олар:
- заңға қайшы келмейтін құралдармен жəне тəсілдермен өзінің құқықтары
мен заңды мүдделерін қорғауға жəне қорғануға дайындалу үшін жеткілікті
уақыты мен мүмкіндігінің болуына;
- өзінің не үшін айыпталғандығын білуге жəне қылмыстық іс қозғалғандығы
туралы, өзінің айыпталушы ретінде тартылғаны туралы қаулылардың
көшірмелерін алуға;
- қылмыстық қудалау органынан өзіне тиесілі құқықтар туралы дереу
түсіндірме алуға;
- қылмыстық процесті жүргізуші органның өзінің құқықтары мен заңды
мүдделерін қозғайтын іс жүргізу шешімдерін қабылданғаны туралы хабардар
етуіне;
- бұлтартпау шараларын қолдану туралы қаулының көшірмесін алуға
- өзіне тағылған айып бойынша түсініктеме мен айғақ беруге;
- айғақ беруден бас тартуға;
- дəлелдер ұсынуға;
- өтінішті, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті жəне
қарсылықты мəлімдеуге;
- ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге жəне түсінісуге;
- аудармашының тегін көмегін пайдалануға;
- қорғаушысының болуына;
- заңда көзделген жағдайларда жəне тəртіппен өзінен алғашқы жауап алудың
алдындағы кезден бастап қорғаушысымен оңаша жəне құпия жолығуға;
325
- тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен өзінің өтініші немесе өзінің
қорғаушысының не заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу
əрекеттеріне қатысуға;
- заңда көзделген жағдайларда, оның ішінде медиация тəртібімен
жəбірленушімен татуласуға;
- өзінің өтініші немесе өзінің қорғаушысының не заңды өкілінің өтініші
бойынша жүргізілетін тергеу əрекеттерінің хаттамаларымен танысуға жəне
оларға ескертулер беруге;
- сараптама тағайындалған, жүргізілген кезде, сондай-ақ оған сарапшының
қорытындысы ұсынылған кезде ҚР ҚІЖК-ң 244, 254, 354 жəне 355-баптарында
көзделген əрекеттерді жүзеге асыруға;
- тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға жəне одан
кез келген мəліметті кез келген көлемде көшіріп алуға;
- айыптау тізімін қоспағанда, айыптау қорытындысының немесе сотқа дейінгі
жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасының жəне оның қосымшаларының
көшірмелерін алуға;
- тергеушінің, анықтаушының, прокурордың жəне соттың əрекеттері
(əрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағым беруге;
- ақтамайтын негіздер бойынша істі қысқартуға қарсылық білдіруге;
- жария сот талқылауын талап етуге құқылы.
Cонымен қатар, заңда сотталушының жəне ақталған адамның құқықтары
да белгіленген.
Сезікті мен айыпталушының қылмыстық іс жүргізу мəртебесі халықаралық
стандарттарға сай болып, олардың қамтамасыз етілуіне Қазақстан Республикасы
кепілдік беруі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |