Жердiң жай-күйi қолжетiмдiлiк ақпаратпен ету қағидасы. Бұл қағиданың
мазмұнынан Жер кодексiнiң 157-бабында жүзеге асырылғанын көруiмiзге
болады. Соған сəйкес, мемлекеттiк жер кадастры Қазақстан Республикасы
жерiнiң табиғи жəне шаруашылық жағдайы, жер учаскелерiнiң орналасқан жерi,
нысаналы пайдаланылуы, мөлшерi мен шекарасы, олардың сапалық
сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерiнiң
кадастрлық құны туралы мəлiметтердiң, өзге де қажеттi мəлiметтердiң жүйесi
болып табылады. Мемлекеттiк жер кадастры жер учаскелерiне құқықты
субектiлер туралы ақпаратты енгiзедi. Ал, Жер кодексiнiң 158-бабы 5, 6-
тармағына сəйкес, мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзетiн мемлекеттiк органдар,
мемлекеттiк кəсiпорындар мен лауазымды адамдар жер кадастр құжаттамасына
енгiзiлетiн мəлiметтердiң дұрыстығын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Достарыңызбен бөлісу: |