Жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шараларды мемлекеттiк
қолдау қағидасы. Жердi қорғау шараларын қаржыландыру мемлекетiмiздiң
экономикалық нарық жағдайына өтумен байланысты көптеген өзгерiске
ұшырады. Ең алдымен, қаржыландыру көздерi көбейдi. Егер алғашқы уақытта
бұл тек мемлекеттiк бюджеттiң жəне жер меншiк иелерi мен жер
пайдаланушылардың еншiсi болатын. Жердi қорғауға бағытталған шараларды
қаржыландыру 2005 жылы 5 қаңтарда қабылданған 2005–2007 жылдарға
арналған ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердi ұтымды пайдалану
бағдарламасы бойынша республикалық қаражат есебiнен қарастырылған.
Қаржыландырудың жалпы көлемi – 4655318 мың теңгенi құрайды. Соның
iшiнде: 2005 жылға – 1474669 мың теңге; 2006 жылға – 1905685 мың теңге; ал
2007 жылға – 1274964 мың теңгенi құрайды. Жердi қорғау шараларын
жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландыру жергiлiктi бағдарламаларға сəйкес
анықталады.
392
Достарыңызбен бөлісу: |