Жер учаскелерiне жеке меншiк құқығының субъектiсi – азаматтар жəне
мемлекеттiк емес заңды тұлғалар. Бұл ретте, егер жер заңдарында өзгеше
белгiленбесе, азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ
шетелдiктер
мен
азаматтығы
жоқ
адамдар
ұғынылады.
Қазақстан
Республикасының Жер кодексi заңды күшiне енгенге дейiн шетел азаматтары,
шетел заңды тұлғалары жəне азаматтығы жоқ адамдар жерге жеке меншiк иесi
болып табылмайтын. Қазiргi кезде жер заңнамасын саралау нəтижесiнде аталған
тұлғалардың жеке меншiк құқығында үйлердi /құрылыстар мен ғимараттарды/
олардың мақсатына сəйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда,
өндiрiстiк жəне өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлердi жəне олардың
кешендерiн салу үшiн немесе олар салынған жер учаскелерi бола алатыны
анықталды.
398
Достарыңызбен бөлісу: |