4) жер учаскесiне құқық табыстау туралы облыстың (республикалық
маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар
қаланың) жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала,
кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкiмiнiң шешiм қабылдауы.
Жер учаскесiн беру туралы шешiмдер немесе жер учаскесiн беруден бас тарту
жергiлiктi өкiлдi органның депутаттары, облыстардың (республикалық маңызы
бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың),
сəулет жəне қала құрылысының уəкiлеттi органдары мен жергiлiктi өзiн-өзi
басқару органдарының (олар құрылған болса) өкiлдерi арасынан облыстың
(республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы
бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары құратын комиссияның
қорытындысы негiзiнде қабылданады. Облыстың (республикалық маңызы бар
қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi
атқарушы органдарының қарауы бойынша комиссияның құрамына басқа да
адамдар енгiзiлуi мүмкiн. Сонымен қатар, жер учаскесiне құқық табыстаудан
бас тарту облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың),
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының,
аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкiмiнiң
шешiмiмен ресiмделедi, оның дəлелдi себептерi көрсетiлуге, ал, көшiрмесi
өтiнiш берушiге шешiм қабылданғаннан кейiн жетi күн мерзiмде тапсырылуға
тиiс.
Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның
(облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының, аудандық
маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкiмiнiң жер
учаскелерiне тиiстi құқықтар табыстау туралы шешiмi жерге орналастыру
жобасы негiзiнде қабылданып, өтiнiш берушiге шешiм қабылданған кезден
бастап жетi күн мерзiмде жер учаскесiне меншiк құқығын немесе жер пайдалану
құқығын табыстау туралы шешiмнiң көшiрмесi тапсырылады.
Жер учаскелерiн беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретiне кiретiн
жағдайларда, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың),
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы,
аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)
406
округтiң əкiмi жерге орналастыру iсiн өз шешiмiмен бiрге жоғары тұрған
органға бекiтуге жiбередi.
Достарыңызбен бөлісу: |