ҚҰҚЫҚ негіздері


Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланылған жер



Pdf көрінісі
бет311/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланылған жер 

учаскесiн  меншiк  иесi  мен  жер  пайдаланушыдан  алып  қою.  Егер  учаскенi 

пайдалану  Жер  кодексiнде  немесе  Қазақстан  Республикасының  өзге  де 

заңдарында  белгiленген  жердi  ұтымды  пайдалану  ережелерiн  өрескел  бұза 

отырып  жүзеге  асырылса,  атап  айтқанда,  егер  учаске  нысаналы  мақсатына 

сəйкес  пайдаланылмаса  немесе  оны  пайдалану  ауыл  шаруашылығы  жерi 

құнарлылығының  едəуiр  төмендеуiне  не  экологиялық  жағдайдың  едəуiр 

нашарлауына əкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының əкiмшiлiк құқық 

бұзушылық  туралы  заңдарында  көзделген  жазалау  шаралары  қолданылғаннан 

кейiн  жер  учаскесi  меншiк  иесiнен  жəне  жер  пайдаланушыдан  алып  қойылуы 

мүмкiн.  Жер  учаскесiн  алып  қою  туралы  талап-арыз  Қазақстан 

Республикасының  əкiмшiлiк  құқық  бұзушылық  туралы  заңдарында  көзделген 

жазалау  шаралары  қолданылғаннан,  талап-арыз  беруден  кемiнде  үш  ай  бұрын 

меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға Қазақстан Республикасы заңдарының 

бұзылуын жою қажеттiгi туралы жазбаша ескерту жасалғаннан кейiн ғана жəне 

осы  мерзiм  iшiнде  меншiк  иесi  немесе  жер  пайдаланушы  учаскенi  пайдалану 

кезiнде  Қазақстан  Республикасы  заңдарының  бұзылуын  жоймаған  жағдайда 

берiлуi мүмкiн.  

Егер 


меншiк 

иесiнiң 


немесе 

жер 


пайдаланушының 

Қазақстан 

Республикасының  заңдарын  бұзуы  учаскенi  нысаналы  мақсатқа  сай 

пайдаланбауында  болса,  алып  қою  туралы  талап-арыз  бергенге  дейiн  жер 

ресурстарын  басқару  жөнiндегi  аумақтық  орган  учаскенiң  меншiк  иесiнiң 

немесе  жер  пайдаланушының  өтiнiшi  бойынша  жер  учаскесiнiң  нысаналы 

мақсатын өзгерту туралы мəселе бойынша учаске орналасқан жердегi облыстың 

(республикалық  маңызы  бар  қаланың,  астананың)  жергiлiктi  атқарушы 

органына  ұсыныстар  жiберуге  мiндеттi.  Бұл  жағдайда  учаскенiң  нысаналы 

мақсатын  өзгерту  туралы  мəселе  оң  шешiлмеген  кезде  ғана  талап-арыз  берiлуi 

мүмкiн.  



415 

 

Сот  шешiмiмен  учаскенi  меншiк  иесiнен  немесе  жер  пайдаланушыдан  алып 



қойған жағдайда жер учаскесiне меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы 

Қазақстан  Республикасының  азаматтық  iс  жүргiзу  жəне  атқарушылық 

заңдарында белгiленген тəртiппен ашық сауда-саттықта сатылады.  

Сатудан  түскен  сома,  учаскенi  алып  қою  шығыстары  шегерiле  отырып, 

бұрынғы  меншiк  иесiне  немесе  жер  пайдаланушыға  төленедi.  Бiр  жыл  iшiнде 

кемiнде  үш  рет  сауда-саттыққа  шығарудан  кейiн  ондай  жер  учаскесiн  немесе 

оларға жер пайдалану құқығын сату мүмкiн болмаған жағдайда жер учаскесi сот 

шешiмiмен арнайы жер қорына қосылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет