ҚҰҚЫҚ негіздері


 Банктік құқықтың жүйесі. Банктік құқықтың қайнар көздері



Pdf көрінісі
бет339/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

17.5 Банктік құқықтың жүйесі. Банктік құқықтың қайнар көздері 

Банктік құқық екі бөлімнен: жалпы жəне ерекше бөлімдерден тұрады. 

Жалпы  бөлімге  банктік  құқықтың  ерекше  бөлімнің  институттарының 

барлығын  немесе  басым  бөлігін  реттеу  барысында  қолданылатын  ережелерді 

қамтитын институттар мен нормалар кіреді, сол себепті, мұнда банктік қызметті 

іске  асырудың  құқықтық  нысандары  мен  əдістерін,  негізгі  қағидаттарын  жəне 

оны мемлекеттік органдар тарапынан реттеуді, ҚР банктік жүйесінің ұйымдық-

құқықтық  құрылымын,  несиелік  ұйымдардың  жəне  олардың  клиенттерінің 

құқықтық  жағдайының  негізгі  белгілерін  бекітетін  институттар  мен  нормалар 

жатады. 


Банктік 

құқықтың 

жалпы 

бөлімінің 



нормалары 

обьектілерінің 

айрықшылығына қарай нысаналы мақсаты бар институттарды қамтитын ерекше 

бөліммен  нақтылана  түседі.  Дегенмен,  банктік  құқықтың  ерекше  бөлімінің 

ішіндегі  тиісінше  құқықтық  институттар  неғұрлым  ірі  құрылымдарға – 

тарауларға  біріктіріледі.  Осылайша,  ерекше  бөлімге  төмендегідей  салалардағы 

қатынастарды  реттейтін  институттар  мен  нормалар  топтастырылған  тараулар 

кіреді:  

1)  банктік  ресурстарды  тарту  жөніндегі  операциялар:  банктік  салым 

институты;  салымдарды  сақтандыру  институты;  банктік  шот  институты; 

банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы институты; 

2) есеп айырысу құқықтық қатынастары; 

3)  өзінің  жəне  тартылған  қаражаттарды  орналастыру  жөніндегі 

операциялар: банктік несие институты; лизинг институты; коммерциялық несие 

институы; кепіл институты; факторинг институты; 

4)  валюталық  операциялар: «шетелдік  валюта»  жəне  «валюталық 

құндылықтар» институты; валюталық бақылау институты; шетелдік банктермен 

корреспонденттік  қатынастар  институты;  шетелдік  валютамен  есеп  айырысу 

институты; 

5) банктердің есебі жəне есеп беруі; 

6) банктік қызметке салық салу. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет