құқықтық əдістердің, тəсілдердің жəне құралдардың жиынтығы.
күшімен) құқықтары мен міндеттерінің өзара байланысының арнайы əдісімен
447
элементтері болып табылады жəне сəйкесінше банктік құқықтың құқықтық
реттеу əдісінің ерекшеліктерін сипаттайды.
Банктік құқықта құқықтық реттеудің азаматтық-құқықтық, жария-
құқықтық жəне кешенді құқықтық реттеу əдістері қолданылады.
Азаматтық-құқықтық реттеу əдісі əдебиетте диспозитивтік реттеу, бағыт-
бағдар, тараптардың ерік білдіру əдісі, диспозитивтік əдіс деп əр түрлі аталады.
Азаматтық-құқықтық
реттеу
əдісіне:
құқықтық
қатынастарға
қатысушылардың тең құқылығы; құқықтық қатынастарға қатысушылардың,
субьектілерінің тұлғаның өз мүддесіне сəйкес ерік білдіруін қалыптастыруын
жəне құқықтарын іске асыруын білдіреді. Олардың ісіне араласуға немесе
кедергі жасауға жол берілмейді. Атаулы жағдайда заңды тұлғаның заңмен
кепілдік берілген, өз қалауы бойынша субьективтік құқығына билік етуге, оны
іске асыруға, басқа субьектіге тапсыруға немесе беруге немесе қандай да бір
құқығын мүлдем жүзеге асырмауға мүмкіндігі туралы айтылып отыр; құқықтық
қатынастарға қатысушылардың өзіне тиесілі мүлікке өз бетінше билік етуімен,
өз міндеттемелері бойынша жауапкершілік атқаруымен, құқыққа қайшы
əрекеттерімен келтірілген шығынды өтеумен түсіндірілетін өз бетінше əрекет
етуі; Субьектілердің заң шеңберінде тəртіптің алуан түрлі амалдарын баламалы
таңдау мүмкіндігі секілді ерекшеліктер тəн.
Жария-құқықтық реттеу əдісін əдебиетте императивтік əдіс, субординация
əдісі, авторитарлық əдіс деп атайды. Атаулы əдіс бір тараптың екінші тарапқа
əкімшілік немесе басқа да билік-бағынуына негізделеді.
Бұл əдіске сəйкес құқықтық қатынастар «тапсырма-орындау» қағидаты
бойынша қалыптасады жəне жүзеге асырылады. Міндетті шешімдерді қабылдау
субьектісі (Қазақстан Республикасының Ұлттық банк жəне басқа да мемлекеттік
органдар) осы шешім бағытталған тараптармен келісім негізінде байланысты
болмайды; билік, басқару жəне басқа функцияларды атқаратын субьектілер
оларға берілген өкілеттік шеңберінде өз қалауы бойынша əрекет етеді;
нормалардың
міндеттеуші
сипаты
(тиісінше
органның
міндеттерін,
функцияларын, өкілеттіктерін белгілейтін акт қабылданғанда) немесе нақты
нұсқау мəніне ие болады (яғни, құқықтық маңызы бар қандай да бір іс-
əрекетерді орындау жөніндегі тапсырмалар); жалпы немесе нақты түрдегі тиым
салу нормалары құқыққа қайшы тəртіптің шеңберін анықтап, осындай тəртіптен
құқық субьектілерінің алдын алу көзделетін, қандай да бір іс-əрекетерге тиым
салу болып табылады.
Осылайша, банктік құқықтың пəнінің ерекшелігі бастапқы құқықтық
реттеу əдісімен қатар, банктік құқықтың пəнін құрайтын, алуан текті, бірақ,
ерекше құқықтық тұтастық түрінде біріктірілген қоғамдық қатынастарды
құқықтық реттеуді іске асыратын құқықтық əдістер мен құралдардың
үйлесімділігін білдіретін тағы да бір əдістің болатындығын көрсетіп отыр. [6-
Достарыңызбен бөлісу: