проф. В.И. Колесникова, проф. Л.П. Кроливецкой. – Москва.: «Финансы и
статистика», 1996. – 476 с.) Депозиттің ерекшелігі – оның екі жақтылығында.
Біріншіден, депозит салымшылар үшін ақша қоры болып табылады. Екіншіден,
депозиттік ақша пайызбен есептеледі. Депозиттің ақшадан басымдылығы -
оның пайызбен есептелуінде, ал, кемшілігі – капиталдан түсетін табыстың
пайызымен салыстырғанда пайыздық табысы кем болады. Депозит банкке де,
салымшыға да тиімді. Депозиттер банктің ссудалық капиталын құрайды.
Депозит банктің жеке немесе заңды тұлғалардан ақша қаражаттарын қабылдап,
депозиттік шоттарға орналастыру арқылы туындайды.
Банктердің бағалы қағаздармен жүргізетін операциялары. Бағалы қағаздар
нарығында банктер бағалы қағаздардың эмитенті ретінде, бағалы қағаздармен
операцияларды жүргізгенде делдал ретінде бола алады жəне табыс табу
мақсатында өзінің атынан бағалы қағаздармен операцияларды іске асыруға
құқылы. Банктердің бағалы қағаздармен жасайтын өзіндік мəмлелері банктің
ниеті бойынша банктің өзінің атынан жəне есебінен іске асырылады. Банктер
табыс табу мақсатында қаражаттарын бағалы қағаздарға салады. [147-148]
Достарыңызбен бөлісу: |