ҚҰҚЫҚ негіздері


дело:  Учебник / Под  редакцией  О.И.  Лаврушина. – Москва.: «Финансы  и



Pdf көрінісі
бет344/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

дело:  Учебник / Под  редакцией  О.И.  Лаврушина. – Москва.: «Финансы  и 

статистика», 1998. – 576 с.:  ил.)  Банк  ісінің  тəжірибесінде  коммерциялық 

банктердің  екі  үлгісі:  əмбебап  жəне  арнайы  банктер  белгілі.  Əмбебап  банктер 

банктік  операциялардың  барлық  түрлерін  іске  асырса,  арнайы  банктер 

керісінше,  банк  операцияларының  бір  немесе  бірнеше  түрлерін  ғана  жүзеге 

асырады. 

Коммерциялық банктердің қызметінің мəні – оны басқа органдардан жəне 

кəсіпорындардан  ажырататын  белгілі  бір  функцияларды  атқаруымен 

сипатталады.  Бұл  функциялар  банктер  көрсететін  қызметтермен  жəне  олардың 

клиенттерінің  мүдделеріне  сəйкес  белгілі  бір  əрекеттерді  орындауымен 

түсіндіріледі. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне банктік қызметтің 

200-ден  астам  түрлерін  көрсетеді.  Дегенмен,  коммерциялық  банктердің 

атқаратын  негізгі  операцияларына  салымшылардан  депозит  қабылдау,  ақша 

төлемдерін жəне есептесуді іске асыру, несие беруді жатқызуға болады. 

Коммерциялық банктердің несиелік операциялары. Несие дегеніміз – жеке 

жəне заңды тұлғалар арасында болатын, қайтарылып берілуі, ақылы болуы жəне 

мерзімділігі  анықталған  ақша  құнын  тапсыру  кезінде  туындайтын  қатынастар. 

Банктік несиелеудің келесідей ерекшеліктері бар: атаулы құқықтық қатынастар 

арнайы  субьектілер  құрамымен  сипатталады;  коммерциялық  банктер  беретін 

несиелер  тек  ақшалай  нысанда  болады;  коммерциялық  банктер  мен  олардың 

клиенттері арасында жасалатын несиелік шарттардың ерекшеліктері – несиенің 

қайтарылатындығында.  

Банктік  несиелеудің  негізгі  принциптеріне  несиенің  қайтарымдылығы, 

мерзімділігі,  ақылылығы,  қамтамасыз  етілуі,  нысаналы  мақсатының  болуы 

жатады.  [216] (Банковское  дело / Под  редакцией  проф.  В.И.  Колесникова, 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет