ҚҰҚЫҚ негіздері


 Сақтандыру құқығының пəні



Pdf көрінісі
бет352/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

 

18.3 Сақтандыру құқығының пəнін реттейтін құқықтық қатынастар.  

Сақтандыру  құқығының  пəнін  қоғамның  айрықша  аясында      туындайтын, 

яғни  сақтандыру  қызметінің  барысында  пайда  болатын  сақтандыру 

қатынастары құрайды. Осы сақтандыру құқығының пəнін құрайтын қатынастар 

мына келесідей өздеріне тəн белгілермен ерекшелінеді: 

1.бұл  қатынастар  қоғамның  əртүрлі  аяларының,  оның  ішінде  қоғамдық 

өндіріс  аялары  мен  адамдардың  арасында  орын  алуы  мүмкін  тəуекелдерді 

сақтандыру нəтижесінде туындайды; 

2.бұл  қатынастар  тек  сақтанушы  мен  сақтандырушының  жəне 

сақтандырылушының  (пайда  алушының  немесе  кейде  сақтанушының 

өзінің),сондай-ақ  қайтасақтандырушының  араларында  ғана  туындайтын,  бөлу 

(қайта бөлу) сипатындағы тұйықталған қатынастар болып табылады; 

З.бұл қатынастардың  субъектілері -сақтанушы мен сақтандырушылар   заң 

жүзінде тең құқылы болып саналады; 

4.бұл қатынастар ақша нысанындағы құнның (кейбір кездерде тауарлық- 

материалдық  кұндылықтардың)  екі  жақты  қозғалысын  білдіретін 

(сақтанушы  мен  сақтандырушының  тиісті  міндеттеріне  орай)  экономикалық 

қатынастар болып есептелінеді; 

5.бұл  қатынастар  қоғамда  орын  алуы  мүмкін  əр  алуан  тəуекелдерден 

сақтандыру  екі      жақтың  материалдық    мүддесін  көздеу  нəтижесінде 

туындайтын біршама- баламалы қатынастар болып табылады; 

6.бұл  қатынастар  тиісті  заң  актісімен  белгіленген  нысанда,  екі  тараптың 

арасында жасалынатын сақтандыру шартының негізінде туындайды; 

7.бұл  қатынастар  тек  тиісті  азаматтық-құқықтық  нормалармен  жəне 

сақтанушы  мен  сақтандырушының  арасындағы  сақтандыру  шартымен 

реттеледі.  Қоғамдық  өндіріске  қызмет  көрсететіндіктен  жəне  мағынасы 

бойынша  материалдық  сипатта  (сақтанушы  сақтандырушыға  сақтандыру 

жарнасын  төлейді,  ал  сақтандыру  жағдайы  туындаған  болса  сақтандырушы) 

материалдық  залалдардың  көлемі  есептелінгеннен  кейін)  сақтанушыға 

сақтандыру  өтемін  төлейді)  болатындықтан  бұл  қатынастар  кұқықтық 

қатынастар  болып  табылады.Тұтас  алғанда  сақтандыру  қоғамның  құқыктық 

категориясы  ретінде  көрініс  табады.  Сақтандыру  қатынастары  мүліктік 

қатынастарға  жатады,  яғни  сақтандыру  төлемдерінің  немесе  сақтандыру 

өтемдерінің  қаражаттарын  білдіретін  ақшалар  да,  тауарлық - материалдық 

құндылықтар да   экономикалық жəне құқықтық тұрғыдан мүліктердің бір түрі 

болып табылады. Сақтандыру қатынастары - құн қатынастарына да жатады. Бұл 

жағдай  мына  екі  сəттен  байқалады:  сақтанушы  сақтандыру  төлемдерін  төлеу 

барысында оларды өндірістің шығыны ретінде тауардың өзіндік құнына қосып, 




462 

 

оның  құнын  ұлғайтады;  ал  сақтандыру  өтемін  беру  кезінде  сақтандыру 



жағдайына  байланысты  жойылған  құн  толығымен  немесе      жартылай  қалпына 

келтіріледі.  Сақтандыру  қатынастары  өздерінің  жиынтығында  қайта  бөлу 

қатынастарын  білдіреді.  Ақшалар  сақтандыру  төлемі  ретінде  сақтандырушыға 

қарай  қозғалып,  оның      қолындағы  сақтандыру  жағдайы  туындаған  болса 

сақтандыру өтемі ретінде сақтанушыға қайтарылады. Бұл жерде зардап шеккен 

сақтанушыларға  бөлінгендіктен  ақша  қаражаттарын  зардап  шеккендердің 

пайдасына қайтадан бөлуді жүзеге асырады.  

Сақтандыру  қатынастары  Қазақстан  Республикасында  императивті  жəне 

диспозитивті  нормалармен  де  реттеледі.Императивті  нормалар  сақтандыру 

қатынастарын ұйымдастыру мемлекеттік реттеуді қамтиды.Мемлекеттік реттеу 

сақтандыру ұйымдарын құру үшін қойылатын талаптарды орындауды бақылау, 

сақтандыру  ұйымдарының  қорын  бақылау,сақтандыру  қорының  резервтерінің 

орналасуын  жəне  шығындарды  өтеуді  жəне  сақтандыру  ұйымдарының 

тұрақтылығын  қамтамасыз  ету  жəне  басқа  да  қатынастарды  реттеуді 

қамтиды.Алайда  сақтандыру  рыногының  қалыптасуы  жəне  мемлекеттің  басты 

міндеті    шартты  қатынасты  жетілдіруге  байланысты.Шартты  қатынас-келісім 

түрінде жүзеге асатын мəміле,жақтардың еркімен жасалатын қатынас. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет