ҚҰҚЫҚ негіздері


 Қаржылық құқық нормалары мен қатынастары



Pdf көрінісі
бет360/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   356   357   358   359   360   361   362   363   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

 

20.4 Қаржылық құқық нормалары мен қатынастары 

Норма  əр  құқық  саласының  қалаушы,  əрі  бастапқы  бөлшегі. 

Қаржылық құқық нормасы өзге құқық салалары тəрізді гипотеза, диспозия 

жəне санкция элементтерінен құралады.  




513 

 

Қаржылық  құқық  нормасының  гипотезасы  қаржылық  құқықтық 



қатынастардың туындау шарттары мен жағдайларын айқындайды.  

 Диспозиция  мемлекеттік  қаржылық  қызмет  аясында  не  қаржылық 

қатынастар субъектілерінің əрекет тəртібін белгілейді.  

Қаржылық  құқық  нормасының  санциясы  жүріс  тұрыс  ережелерінің 

орындалуын  қамтамасыз  ететін,  мемлекетпен  қаржылық  қызмет  аясында 

белгіленген тəртіпті бұзғаны үшін қолданылатын əсер ету əдісі.  

Грачева  Е.Ю  айтуы  бойынша,  қаржылық  құқық  нормаларың,  өзге 

құқық салаларының нормалары тəрізді ерекше қасиеттері бар. Біріншіден, 

қаржылық  құқықтық  нормалар  мемлекетпен  белгілі  тəртіпте  белгіленген 

жүріс-тұрыс  ережелері.  Бұл  нормалар  ерекше  нысанға  жəне  əрекет  ету 

мерзіміне  ие.  Сонымен  қатар,  қаржылық  құқықтық  нормалар  қаржылық 

құқық  субъектілерінің  міндеттері  мен  құқықтарын  белгілеп,  олардың 

мемлекет  арқылы  орындалуын  реттеп  отырады.  Екіншіден,  қаржылық 

құқық  нормаларының  басты  ерекшелігі,  олардың  бір  жақты  өктем, 

императивті  сипаты.  Қаржылық  құқықтық  нормалар  арқылы  мемлекет 

заңды  жəне  жеке  тұлғаларға  қаржылық  қызмет  аясындағы  ережелерді 

бекітеді.  

Қаржылық құқықтық нормалар мазмұнына қарай екі топқа бөлінеді: 

- Біріншіден,  материалды-қаржылық  құқықтық  нормалар.  Олар  ақша-

қаражаттың  көлемін,  қозғалысын,  қаржылық  қатынастар  субъектілерінің 

ақшалай міндеттемесін белгілейді; 

- Екіншіден,  процессуалды  қаржылық  құқықтық  нормалар.  Бұл 

нормалар  мемлекеттің  ақша-қаражат  жүйесін  ұйымдастыру  тəртібін, 

қаржылық қызметтің орындалу регламентін белгілейді. 

Сонымен  қатар,  қаржылық  құқықтық  ормалар  əсер  ету  əдісіне  қарай 

үш топқа бөлінеді: 

- Міндеттеуші 

нормалар. 

Қаржылық 

құқықтық 

қатынастар 

субъектілерін  нақты  белгіленген  іс-əрекеттерді  орындауды  міндеттейтін 

нормалар  түрі.  Мысал  ретінде  Қазақстан  Республикасының  салық 

заңнамасына  сəйкес,  салық  төлеуші  болып  табылатын  тұлғаға  жүктелетін 

салық төлеу міндеттемесін келтіруге болады. 

- Өкілет  беруші  нормалар.  Бұл  нормалар  қаржылық  құқықтық 

қатынастар  субъектілеріне  белгілі  іс-əрекеттерді  орындауға  құқық  беруші 

нормалар болып табылады; 

- Тыйым  салушы  нормалар.  Бұл  нормалар  қаржылық  құқықтық 

қатынастар  субъектілеріне  сол  нормаларды  белгілейтін  іс-əрекеттерді 

орындамауға  бұйрық  беретін,  яғни,  белгіленген  іс-əрекеттерді  орындауға 

тыйым салатын нормалар. 




514 

 

Құқықтық  нормалардың  қоғамдық  қатынастарға  əсерінің  негізінде 



құқықтық  қатынастар  туындайды.  Бұл  құқықтық  қатынастар  негізі  екі 

топқа жіктеледі.  

Біріншіден, материалды қаржылық құқықтық қатынастар. Материалды 

қаржылық  құқықтық  қатынастар  төлеушіден  мемлекеттік  қаржылық 

қорларға  немесе  мемлекеттік  қаржылық  қорлардан  ақша  алушыға 

қаражаттардың қозғалысымен тығыз байланысты.  Материалды қаржылық 

қатынастарға  мысал  ретінде  салықтық  қатынастарды  айтуға  болады.  Əр 

азамат  өз  салықтық  міндеттемесі  бойынша  мемлекеттік  қорға  заңмен 

белгіленген  ақша  мөлшерлемесін  төлейді.  Худяков  А.И.  қарастырып 

өткендей,  материалды  қаржылық  қатынастар  белгілі  сипаттамаға  ие. 

Негізгі  сипаттамаға  материалды  қаржылық  қатынастардың  ақша-

қаражаттармен  байланысы.  Бұл  қатынастар  мемлекеттік  қаржылық 

қорларды  құру  барысында  немесе  бұл  қорлардың  шығыны  барысында 

туындайтын  қаржылық  қатынастар.  Алайда,  тарихқа  назар  аударсақ, 

мемлекеттік 

қаржылық 

қызмет 

барысында 

заттық 

қаржылық 

қатынастардың  болғанын  көруге  болады.  Заттық  қаржылық  қатынастар 

салықтардың  не  өзге  де  міндетті  төлемдердің  заттай  нысанда  төленуін 

білдіреді.  

Материалды  қаржылық  қатынастар  ақша-қаражаттарының  бір  жақты 

қозғалысын  білдіреді.  Яғни,  төлеуші  ақша-қаражат  төлеу  барысында  бұл 

əрекетті  қайтарымсыз  жасайды.  Бірақ  кейбір  кездері,  төлеуші  өз 

қаражаттарын мемлекеттің қызметі не рұқсаты үшін төлейді.  

Материалды қаржылық қатынастар ақша-қаражатты бөлу сипатына ие. 

Материалды  қаржылық  қатынастардың  бұл  ерекшелігі  мемлекеттік 

қаржылық қорларды бөлу, қайта бөлу, тарату кезінде туындайды.  

Сонымен қатар, материалды қаржылық қатынастар əрдайым құқықтық 

насында  болады.  Жалпы  алғанда,  бұл  ерекшелік  кез-келген  құқықтық 

қатынастарға  тиесілі.  Себебі  қоғамдық  қатынастың  құқықтық  қатынасқа 

айналуы құқықтық норманың əсері шарт.  

Ұйымдастырушылық  қаржылық  қатынастар  мемлекеттің  қаржылық 

қызметін,  мемлекеттің  қаржылық  жүйесін,  мемлекеттің  қаржылық 

органдар  жүйесін  ұйымдастыру  барысында  туындайтын  қаржылық 

қатынастар болып табылады. 

Грачева  Е.Ю.  қаржылық  құқықтық  қатынастардың  ерекшеліктеріне 

байланысты бірнеше сипат беріп өтті: 

- Мемлекеттің қаржылық қызметі барысында туындайды; 

- Бұл  қатынастардың  міндетті  қатысушысы  болып  мемлекеттік 

қаржылық қызметті жүзеге асыратын органдар табылады; 

- Бұл  қатынастар  мемлекеттің  кірісі  мен  шығысының  ақша-

қаражаттарына байланысты болады; 



515 

 

Сонымен қатар, қаржылық құқықтық қатынастар мемлекеттік өктемдік 



жəне  мүліктік  элементтерінен  құралып,  сонысымен  өзге  құқықтық 

қатынастардан ерекшеленеді. Мүліктік элемент мемлекеттің ақша-қаражат 

кірісі  не  шығысы  кезінде  көрініс  табады.  Егер  əкімшілік  құқықтық 

қатынастар  сияқты  өзге  құқық  салалардың  құқықтық  қатынастарымен 

салыстырсақ,  олар  да  мүліктік  сипатқа  ие  деген  ой  туады.  Мысалы, 

мемлекеттік органдарға айып салу. Бір жағынан қарағанда, айып пұл – бұл 

мемлекеттік  қорға  төленетін  төлем.  Ол  да  мемлекет  қорына  түсетін  ақша-

қаражат.  Алайда,  бұл  қатынастар  мемлекеттік  қаржылық  қатынастар 

барысында  пайда  болмай,  түпкі  мақсаты  мемлекеттік  қаржылық  қорды 

құру  болып  табылмайды.  Бұл  құқықтық  қатынастар  құқық  бұзушыны 

жазалау  барысында  туындаған.  Сондықтан  да,  қаржылық  құқықтық 

қатынастарды  өзге  құқықтық  қатынастардан  бөліп  алу  үшін,  олардың 

туындау мақсаты да өте маңызды.  

Қаржылық  құқықтық  əдебиеттерде  қаржылық  құқықтық  қатынастар 

бірнеше  топқа  жіктелген.  Грачева  Е.Ю.  жүгінсек,  материалды  мазмұнына 

қарай қаржылық құқықтық қатынастар келесідей жіктеледі: 

- Бюджетті; 

- Салықтық; 

- Сақтандыруға байланысты туындайтын құқықтық қатынастар; 

- Несиелік; 

- Қаржылық құқықпен реттелетін есептер; 

- Ақша  айналымы  мен  валюталық  реттеуге  байланысты  туындайтын 

құқықтық қатынастар; 

- Қаржылық бақылау. 

Какимжанов М.Т. «Қаржылық құқық» еңбегінде қаржылық құқықтық 

қатынастарды  құқықтық  реттеу  пəпіне  байланысты  материалды  жəне 

процессуалды  деп  екі  топқа  бөлген.  Материалды  қаржылық  құқықтық 

қатынастарға: 

- Бюджетті; 

- Салықтық; 

- Салықтық емес; 

- Мемлекеттік несиелік құқықтық қатынастар; 

- Сақтандыруға байланысты құқықтық қатынастар; 

- Банкілік қызмет аясындағы құқықтық қатынастар; 

- Ақша айналымы мен есеп аясындағы құқықтық қатынастар; 

- Валюталық қатынастар; 

- Қаржылық бақылауға байланысты құқықтық қатынастар. 

Процессуалды  қаржылық  құқықтық  қатынастарға  бюджеттік  процесс 

барысында туындайтын құқықтық қатынастар жатады.  



516 

 

Қаржылық  құқықтық  қатынастар  өзге  құқықтық  қатынастар  сияқты 



субъект, объект жəне мазмұны атты элементтерден тұрады.  

Қаржылық 

құқықтық 

қатынастар 

субъектілері 

қоғамдық-

территориалды құрылым нысанында, коллективті нысанда (мемлекеттік не 

қоғамдық), жеке тұлға нысанында болады.  

Қоғамдық  территориялық  құрылымдарға  Қазақстан  Республикасы 

(мемлекет  ретінде)  жəне  əкімшілік-территориялық  бірліктер  (қала,  ауыл) 

жатады.  Коллективті  субъектілерге  мемлекеттік  қаржылық  органдар, 

коммерциялық  ұйымдар,  мекемелер,  т.б.  жатады.  Жеке  тұлғалар 

нысанында Қазақстан Республикасының азаматтары мен шет ел азаматтары 

бола алады.  

Қарылық  құқықтық  қатынастардың  басты  субъектісі,  қатысушысы 

болып  мемлекет  не  оның  мүддесін  білдіруші  органдар  табылады.  Бұл 

органдар  қаржылық  құқықтық  қатынастарға  өзге  де  мемлекеттік 

органдармен, жеке жəне заңды тұлғалармен түседі.  

Жеке  жəне  заңды  тұлғаларды  алатын  болсақ,  олар  қаржылық 

құқықтық  қатынастар  субъектісі  болуы  үшін,  жеке  немесе  корпоротивті 

табыс көзінің болуы шарт.  

Қаржылық  құықтық  қатынастардың  екінші  элементіне  құқықтық 

қатынастар  объектісі  жатады.  Объект  ретінде  ақша-қаражаттар  не 

мемлекеттің қаржылық қорларды құру, бөлу жəне пайдалануға байланысты 

ақшалай  міндеттемелер  қарастырылады.  Ал  орталықтандырылған  жəне 

өзге  де  мемлекеттік  қаржылық  қорларды  құру,  бөлу  жəне  пайдалануға 

байланысты субъектілердің құқықтары мен міндеттері қаржылық құқықтық 

қатынастардың мазмұны болып табылады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   356   357   358   359   360   361   362   363   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет