19.2 Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің қағидалары
Еліміздің нарықтық экономикаға бағыт алып, оған өту процесі объективті
түрде мемлекет пен шарушылық субъектілері арасында ондаған жылдар бойы
қалыптасқан қатынастар қағидаларын өзгертуге алып келді. Бұрынғы көптеген
мемлекеттік кəсіпорындарды жекешелендіру мен акционерлік қоғамдарға
айналдыру оларды əртүрлі министрліктер мен басқа да мемлекеттік органдарға
бағыныштылықтан босатты. Алайда, əлемдік тəжірибе көрсетіп отырғандай,
инвестициялық жəне басқа да шаруашылық субъектілерінің толық
экономикалық дербестік алуының өзі, мемлекет пен олардың арасында өзара
құқықтары мен міндеттерінің болуы қажеттілігін талап етеді.
Мəселенің мəні мынада, əртүрлі меншік нысанындағы, əртүрлі қызмет
бағыттарындағы немесе басқа да қандай-да бір ұйымдық-құқықтық нысандағы
шаруашылық субъектілерінің негізгі проблемалары көбінесе олардың
салымшыларының,
құрылтайшыларының,
инвесторларының
төлем
қабілетсіздігінен, ішкі шаруашылық, ұйымдастырушылық жəне қаржылық
келеңсіздіктерінен туындамайды. Олардың көпшілігі көбінесе банктерді,
қорларды, кəсіпорындарды, фирмаларды кəсіпқой түрде дұрыс басқара
алмауынан туындап отырады, оның салдары көбінесе қаржылық дағдарыс пен
банкроттыққа алып келеді. Осымен бір мезгілде, қазіргі уақыттағы басқаруды
ұйымдастырудың маңызды элементі кез келген шаруашылық жүргізуші жəне
инвестициялық қызмет субъектілерінің мемлекетпен ара-қатынасының
құқықтық механизмдері мен тəртіптерін жетік білу болып табылады. Өз
кезегінде мемлекет те жария биліктің субъектісі ретінде мемлекеттегі
502
инвестициялық құқықтық қатынастардың шаруашылық жүргізуші
субъектілерімен арақатынасының қағидаларын айқындап алуы қажет.
Ол үшін алдымен мемлекет пен инестициялық қызмет субъектілері
арасындағы қатынастар инвестициялық құқықтың қағидаларына негізделуі
қажет.
Кез-келген басшы, кез-келген коммерциялық ұйымның ұйымдық,
шаруашылық жəне қаржылық қатынастарындағы елеулі үлесті мемлекеттік
органдар жəне оның өкілдерімен болатын қатынастар мен байланыстар
құрайды. Бұл қатынастар компанияны тіркеу, лицензия алу не белгілі бір
қызмет түрлерімен айналысуға, акциялар эмиссиясына рұқсат беретін
құжаттарды алу, салықтарды төлеу, капиталды шығару мен кіргізуді рəсімдеуде,
тауарлар мен қызметтер импорты мен экспорты, жер телімдерін бөлуде, көлік
құралдарын тіркеу мен басқа да көптеген жағдайларда туындауы мүмкін.
Мұндай мəселелер барлық шаруашылық субъектілерінің қызметтеріне қатысты
болып табылады.
Сондықтан, бүгінгі таңда инвестициялық қызметті ұтымды да пайдалы етіп
жүргізу үшін мемлекеттік институттардың, атқарушы билік органдары-ның
ұйымдастырылуының құқықтық негіздерін, олардың Қазақстан Рес-
публикасында қызметтер атқарушы шаруашылық жүргізуші субъектілерге
қатысты өкілеттіліктерін, құқықтық мəртебесі мен оларды жүзеге асыруының
құқықтық механизмдерін білу өте қажетті шарт болып табылады.
Инвестициялық қызмет туралы айтқанда мəселенің əрқашан пайда табу
мақсатында меншік құқығындағы, заемдық немесе басқа да қорларды
инвестиция нысанында əрқилы объектілерге (кəсіпорындардың негізгі қорлары
мен айналым қорларына, ғылыми техникалық өнімдерге, өзге де мүліктік
құқықтарға, санаткерлік меншік құқығы мен басқа да меншік объектілеріне)
салу, айналысқа түсіру жəне пайдалану туралы болатындығы белгілі.
Ал осы инвестициялық қызметтің қүқықтық режимі отандық жəне
шетелдік инвесторлармен мемлекеттің арақатынасын айқындайтын бірқатар
маңызды элементтер мен қағидаларды біріктіреді.
Инвестициялар мен шетелдік капиталды тарту мен қолданудың саясатының
негізінде түбірлі қағидалар жатуы тиіс, ал бұлардың іске асуы мемлекеттің
нақтылы жағдайындағы экономикалық хал-ахуалына, мемлекет алдында тұрған
міндеттерге сондай-ақ басқа да ерекшеліктерге байланысты əртүрлі нысанда
қалыптасады. Біздің ойымызша оларды төмендегідей түрлерде беруге болады .
- Экономикалық қауіпсіздік қағидасы. Əсіресе шетелдік немесе
халықаралық қаржылық ұйымдардың мемлекеттік жəне банкілік кредиттерді
(сыртқы қарыз алу) тарту мен қолдануда бұл қағида экономикалық
қауіпсіздіктің параметрі ретінде сыртқы қарыздың өсуі мен кері сальдонын
өсуіне əсерін білдіреді. Өзінің табиғаты бойынша жеке инвестициялар барынша
пайдалы салаларды іздейтіндігі белгілі, ал бұл сала көбінесе дамушы елдер үшін
503
табиғи ресурстар мен шикізат саласы болып табылады. Алайда бұл саланы бір
жақты дамуы ел экономикасындағы теңсіздікті күшейте түсіп, оған шикізаттық
бағыт бере түседі. Ал бұл өз кезегінде мемлекет экономикасын əлемдік
рыноктағы табиғи ресурстар бағасына барынша тəуелді ететіндігі белгілі.
Нəтижесінде елдің экономикалық қауіпсіздігі «қыл үстінде» тұрады деуге
болады.
- Мемлекеттің инвестициялық мақсаттарын жүзеге асыру қағидасы.
Инвестициялар, олар мейлін шетелдік болсын, отандық болсын мемлекетпен
реттеліне отырып, макроэкономикалық міндеттерді шешуге бағытталуы тиіс.
Мысалы: Жалпы Ішкі Өнімді өсіруге, төлем баланысын нығайтуға, өндіріс пен
жұмыспен қамтудың арақатынасын теңгеруге, бағаны тұрақтандыру мен
инфляцияны төмендетуге, мемлекеттік бюджет дефицитін азайтуға жəне т.б.
- Шетелдік капиталды тартудың кезеңділгі мен экономика бағыттарының
басымдылығы қағидасы. Бұл кезеңдер мен бағыттарды біріктіре отырып біздің
ойымызша оларды төмендегідей тəртіпте беруге болады:
1. Импорт алмастыру;
2. Экспортқа бағыт алу;
3. Жоғарғы технология мен ғылымға негізделген экономикалық
қатынастар қалыптастыру
-Инвестицияларды жобалық əдіс бойынша орналастыру қағидасы.
Мемлекеттік қарыз алуларды барынша тиімді пайдалануды ұйымдастыру жəне
бақылау үшін мемлекет басым бағыттар мен жобалар тізімін жасау қажет.
-Ішкі қорлар нормасының қарыздардың құнынан асып отыру қағидасы.
Қарыздар алу нəтижесінде мемлекет қарыздың құнына қарағанда көбірек
қаржылық жəне материалдық игіліктерге ие болса қарыздарды пайдаланудың
тиімділігі де соғұрлым жоғары болады. Ал керісінше болған жағдайда кредит
шығынды болып есептелінеді.
-Инвестициялық климатты жақсарту қағидасы. Шетелдік капитал мен
инвестицияларды өзімізге барынша тиімді жағдайларда тарту үшін еңалдымен
инвестициялық климатты жақсартуымыз қажет. Инвестициялық климатқа əсер
етуші негізгі факторлар ретінде мыналарды айтуға болады: саяси тұрақтылық,
құқықтық базаның жетілдірілуі, салық жүйесінің, сақтандыру жүйесінің
қалыптасуы, инфрақұрылымның дамуы жəне т. б.
-Стратегиялық жəне басым бағыттарға шетелдік инвестицияларды тартуды
шектеу қағидасы. Əлемдік тəжірибе көрсетіп отырғандай кез-келген дамушы
мемлекет тек қана экономикалық қауіпсіздік үшін ғана емес, болашақта
қалыпты
экономикалық
даму
үшін
басым
салаларға
шетелдік
инвестициялардың баруына шектеу қоюы қажет.
-Негізгі қағидалардың бірі, шетелдік инвесторлар мен отандық
инвесторлардың теңдігі қағидасы. Мысалы: шетелдік инвестиция қосымша
салықтық жеңілдіктерсіз-ақ дамушы елдерге капитал салуды
504
жеткіліктіартықшылықтарға ие болып табылады (мол қаржы қорынының
болуы, өткізу нарығының ауқымдылығы, жұмыс күшінің арзандығы жəне т. б).
Жеңілдетілген
жағдайлар
жасау
жергілікті
инвесторлардың
инвестициялықбелсенділігіне де кері əсерін тигізіеді. Сондықтан шетелдік
капиталды либерализациялау бағдарламасы жеке бастамашылықтарды
тұтасымен қолдайтын кең көлемді саясаттың шеңберінде жүргізілуі қажет, яғни
отандық кəсіпкерлерді де қамти отырып. Алайда инвестицияларға жеңілдіктер
мен
преференциялар
экологиялық
апат
аймақтарында,
əлеуметтік
инфрақұрылым салаларында жол беруге болады.
-Табыстарды аударуға уақытша шектеу қою қағидасы. Бұл көзқарастың
қарсыластары көп болғанымен алғашқы табыстарды шетелдерге шектеусіз
шығару ел үшін ешқандай пайда əкелмейді. Көптеген елдердің тəжірибесі
көрсетіп отырғандай олардың көпшілігі шектеу қағидасын қолданады. Мысалы
Чилидің, Боливияның, Мексиканың заңдарына сəйкес шетелдік компания өз
табыстарының шетелге бес жылдан ерте аудара алмайды.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, инвестициялық
қатынастарды мемлекеттік реттеу, жалпы алғанда құқықтық жəне
үйымдастырушылық
механизмдерден
тұрады.
Құқықтық
механизм
инвестициялық қатынастарды, инвестициялар ағымын, мемлекет пен
инвесторлар қатынасының қағидаларын айқындайтын заңдар мен нормативтік-
құқықтық актілер жиынтығынан тұрады. Бұл заңдардың жүйесінде ерекше
ролді жалпылама реттейтін Инвестицилар туралы Заң, сондайа-ақ
экономикалық қатынастарды реттейтін заңдар алады (салықтық, кеден, жер,
сақтандыру жəне т.б.).
Біздің ойымызша құқықтық механизм төмендегідей қағидаларға бағынуы
қажет:
-Заңды түсіндірудің біртектілілігі. Елдің инвестицияға қатысты заңдары
анық, дəл жəне əрқилы түсінілетіндей болмауы керек;
-Үйлесімділік пен қарама-қайшылықсыздық қағидасы. Қазіргі уақытта
белгілі бір экономикалы қатынастарды реттейтін көптеген заңдар бір бірімен
үйлеспей түсінбеушіліктерге алып келуде. Сондықтан, заңдардың бір-біріне
қайшылығын болдырмау үшін экономика, салық, банк, сақтандыру салалары
менбасқа да мемлекеттік басқару органдары тиянақты сараптама жұмыстарын
жүргізуі қажет.
-Жоғарыда атап өтілген қағидалардың бірі, жергілікті инвесторлар
меншетелдік инвесторларға тең жағдайлар жасау қағидасы. Шетелдік
инвестицияларға қатысты заңдарды шығару кезінде шетелдік инвесторларға
жергілікті инвесторларға қарағанда қолайлы жағдайлар жасаудан бас
тартуымыз қажет.
-Даму
қағидасы.
Мемлекеттің
заң
жүйесі
елдегі,
əлемдегі,
макроэкономикадағы жағдайлардың өзгеруі мен дамуына байланысты ол да
505
сəйкесінше өзгеріп жэне дамып отыруы қажет.
Осы айтылғандарды тұжырымдайтын болсақ, инвестициялық қаты-
настарды мемлекеттік реттеу механизмі инветицияларды тарту мен
пайдаланудың ұлттық концепциясын жасауға негізделуі қажет. Ол концепция
тұтасымен алғанда мемлекеттің инвесторлармен қатынасының қағидаларын
ғана айқындап қоймай, өзіне оның орындалуына бақылау жасау механизмін
жəне іс-шаралар бағдарламасын енгізуі қажет. Мысалы, сыртқы қарыз алу
(мемлекеттік қарыз алуда) бөлімінде мынадай мəселелер қамтылуы тиіс: көлемі,
нысаны, пайдаланудың бағыты. Мемлекеттің ел экономикасына шетелдік жəне
отандық инвестициялар тартуда маңызды роль атқаруы, олардың ағымының
ұлғаюы мен азаюы мемлекеттің инвесторлармен арадағы қатынасын
қалыптастыратын негізгі қағидалардың тиімді қолданылуы мен іс жүзіне асуына
байланысты екендігіне көз жеткіздік деуге болады. Алайда, біз қарастырған
қағидалар тізімі шектеулі емес жəне ол қағидалар əрбір мемлекеттің
ерекшеліктеріне, нақтылы экономикалық жағдайларына, мемлекет алдында
тұрған шешілуі тиіс міндеттерге жəне басқа да көптеген факторларға
байланысты басшылыққа алынады жəне қоғамдағы өзгерістерге сəйкес өзгеріп
отыруы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |