ҚҰҚЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет357/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

Бақылау сұрақтары: 

 

1.  Инвестицияның түсінігін беріңіз. 

2.  Инвестицияның түрлерін жіктеңіз. 

3.  Тікелей инвестицияның анықтамасын беріңіз. 

4.  Инвестициялық құқық қандай қатынастарды реттейді? 

5.  Инвестициялық қатынастарды мемлекеттік реттеудің 

қағидаларын атаңыз. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


506 

 

20-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫЛЫҚ 



ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ 

 

20.1  Қаржылық құқық саласының құқықтық реттеу пəні мен əдістері 

20.2  Қаржылық құқықтың қайнар көздері 

20.3  Қаржылық құқық жүйесі 

20.4  Қаржылық құқық нормалары мен қатынастары 

20.5  Қаржы құқықтың құқық жүйесіндегі орны 

 

 

20.1 Қаржылық құқық саласының құқықтық реттеу пəні мен 

əдістері 

Кез-келген  құқық  саласының  пəні  болып,  сол  құқық  саласының 

нормаларымен 

реттелетін  қоғамдық  қатынастар  табылады.  Яғни,  құқық  саласымен 

реттелінетін  қоғамдық  қатынастардың  шеңберін  анықтау,  оның  құқықтық 

реттеу  пəнін  белгілеуді  білдіреді.  Құқықтық  дəстүр  бойынша,  жəне  көп  

ғалымдардың  пайымдауынша,  қаржылық  құқықтың  пəніне  мемлекеттің 

қаржылық қызметі жатқызылады. 

Кейбір ғалымдардың ойынша, қаржылық құқық саласының пəнін жəне 

шеңберін  анықтауда  белгілі  бір  критерийлер  бар,  оның  негізгісіне 

қаржылық  құқық  нормаларының  мемлекеттік  қаржылық  қызметі 

барысында  туындайтын  ұйымдастырушылық-қоғамдық  қатынастарды 

реттеумен  байланысы.  Дəлірек  айтсақ,  қаржылық  құқық  нормаларының 

мемлекеттік  ұлттық  табысты  бақылау,  ұйымдастыру  жəне  ынталандыру 

қызметінемен  байланысы . Какимжанов  М.Т. «ҚР  Қаржы  құқығы» 

оқулығында  жоғарыда  айтылған  оймен  келісе  отырып,  қаржылық  құқық 

пəніне  мемлекеттің  ақшалай  қорларды  жоспарлы  ұйымдастыру,  бөлу, 

пайдалануға байланысты қаржы аясындағы қызмет барысында туындайтын 

қоғамдық қатынастарды жатқызады. 

Егер  қаржылық  құқық  саласының  маманы  Худяков  А.И.  еңбектеріне 

жүгінсек,  қаржылық  құқық  пəні  ретінде  мемлекеттің  қаржылық  қызметі 

қарастырылған.  Алайда,  ғалым  өз  еңбектерінде  кейбір  қаржылық 

қатынастардың  мемлекеттік  қаржылық  қатынастары  ретінде  қате 

қарастырылатыны жөнінде бірнеше дəлелдеме-ойлар қалдырған. 

Біріншіден,  банкілік,  несиелік,  сақтандыру  жəне  өзге  де  мемекеттік 

емес  қаржылық  қатынастардың  жағдайы.  Біз  білетініміздей,  мемлекеттік 

меншігіндегі қаржылық ұйымдарды санамағанда, қазіргі таңдағы банкілік, 

сақтандыру  ұйымдары - жеке  меншік  қаржылық  қорлар  болып  табылады. 

Егер  де  олар  қаржылық  құқық  пəніне  жататын  мемлекеттік  қаржылық 



507 

 

қорларға  жатпайтын  болса,  жеке  меншік  қорлардың  аясында  туындайтын 



қатынастардың азаматтық құқықтық нормалармен реттелінетіні анық.  

Екіншіден,  кейбір  мемлекеттік  қаржылық  қатынастардың  қаржылық 

құқық  пəніне  жатпауы.  Оларға  мемлекеттік  қаржылық  қорларға 

байланысты 

ақша-тауар 

қатынастарын 

жатқызуға 

болады. 


Бұл 

қатынастардың  арасында  шекара  белгілеу  үшін,  Худяков  И.А. «келісім-

шарт»  қағидасын  пайдаланды.  Яғни, «келісім-шартпен  реттелінетін 

қоғамдық  қатынастар  қаржылық  қатынастарға  жатпайды»  қағидасы 

бойынша,  бұл  қатынастар  азаматтық  құқықтық  қатынастарға  жатады. 

Бірақ,  көп  жағдайда  қаржылық  қызмет  барысында  келісім-шарт  тəсілімен 

реттелінетін  қатынастар  да  туындап  жатады.  Ғалымның  пайымдауынша, 

бұл  жағдай  қаржылық  құқықта  «келісім-шарт  құқықтық  реттеу  тəсілі» 

қолданылатынын дəлелдейді.  

Жоғарыда  айтылған  мамандардың  ойларын  қорыта  келгенде, 

қаржылық құқықтың пəніне «жеке меншік қаржылық қорлардың» аясында 

туындайтын  қоғамдық  қатынастардың  жатпайтыны  анықталды,  сонымен 

қатар, кейбір мемлекеттік қаржылық қызметтің қаржылық құқықтың пəніне 

жатпайтыны дəлелденді.  

Қаржылық құқық пəніне кіретін құқықтық қатынастардың шекарасын 

белгілеген  кезде,  олардың  негізгі  ерекшеліктері  мен  белгілерін  қарастыру 

өте  маңызды.  Сондықтан,  құқықтық  əдебиеттерде  берілген  басты 

зерттеулерді  атап  өту  жөн.  Профессор  Грачева  Е.Ю.  айтуы  бойынша, 

қаржылық  құқық  пəнін  құрайтын  қатынастардың  ерекшеліктері  келесідей 

белгілерінде: 

- Қаржылық  құқықтық  қатынастар  қажетті  ақшалай  қорларды  құру 

мақсатында қаржылық қызметті жүзеге асыру барысында туындайды, яғни, 

ұйымдастырушылық сипатқа ие; 

- Қаржылық құқықтық қатынастарға тиісті өкілеттілігі бар мемлекеттік 

органдар  қатысушы  болып  келеді,  яғни  олар  бір-жақты  басым  қоғамдық  

қатынастар; 

- Қаржылық  құқықтық  қатынастардың  объектісі  болып  қаржылық 

қорларды  құру  мен  пайдалануға  байланысты  ақша  не  ақшалай 

міндеттемелер табылады. 

Худяков  И.А.  өзінің  көптеген  ғылыми  еңбектерінде    қаржылық 

құқықты  мемлекеттің  қаржылық  жүйесін  құру,  оның  қалыпты  қызметін 

қамтамасыз  ету  кезінде,  мемлекеттік  қаржылық  қорларды  құру, 

орналастыру  жəне  пайдалануды  ұйымдастыру  кезінде  туындайтын 

қоғамдық  қатынастарды  реттейтін  құқықтық  нормалар  жиынтығы  ретінде 

қарастырды.  Ал  қаржылық      құқық  пəні  болып  табылатын  қоғамдық 

қатынастарға келесідей сипат берді: 




508 

 

- Қаржылық  құқықтың  пəніне  мемлекеттің  қаржылық  қызметі 



барысында туындайтын қатынастар кіреді. Ескеретін бір жəйт, мемлекеттің 

қаржылық  қызметініне  қоғамдық,  саяси  мақсаттағы  орындалатын 

қаржылық қызмет тиісті емес; 

- Қаржылық  құқықтың  пəніне  кіретін  қатынастар  экономикалық 

табиғатына байланысты «мемлекеттік қаржылық қатынастарға» жатады; 

- Жеке  меншік  қаржылық  қызмет  барысында  туындайтын  құқықтық 

қатынастар  қаржылық  құқықтың  пəніне  жатпайды.  Жеке  меншік 

қорлардың  құрылу,  қайта  бөлу  жəне  пайдалану  тəртібін  белгілеудегі 

мемлекеттің  қызметі  азаматтық,  əкімшілік  құқықтар  салаларының 

шеңберінде орындалады; 

- Мемлекеттің  қаржылық  қызметі  барысында  туындайтын  құқықтық 

қатынастар  қаржылық  құқық  саласынан  өзге  құқық  салаларының 

нормаларымен реттелуі мүмкін емес. 

Өз  кезегінде  Какимжанов  М.Т.  қаржылық  құқықтық  қатынастарды 

мемлекеттің  қаржылық  қызметімен  байланыстырса  да,  жоғарыда  аталып 

өткен ойлардан бөлек кейбір ерекшеліктерді атап өтті: 

- Мемлекеттің  жəне  оның  органдарының  ақшалай  қорларды  құру, 

қайта бөлу, пайдалану кезінде туындайтын құқықтық қатынастар; 

- Мемлекеттің  қаржылық  ресурстарынан  туындайтындықтан,  мүліктік 

қатынастардың санатына жатққызуға болады; 

- Бұл құқықтық қатынастардың міндетті түрде бір қатысушысы болып 

мемлекет немесе оның өкілетті органы табылады; 

- Ақшаға  немесе  мемлекеттің  алдындағы  ақшалай  міндеттемеге 

байланысты туындайды;  

- Бұл құқықтық қатынастар екі азаматтың арасында туындауы мүмкін 

емес. 


Қорыта келгенде, қаржылық  құқықтың пəніне мемлекеттік қаржылық 

қорларды  құру,  ұйымдастыру,  қайта  құру  жəне  орналастыру  аясындағы 

мемлекеттің  таза  қаржылық  қызметіне  байланысты  туындайтын  қоғамдық 

қатынастар жатады.  

Біз білетініміздей, əр құқық саласының өзіне тиесілі құқықтық реттеу 

əдістері  бар.  Егер  азаматтық  құқықты  алсақ,  оған  көбінесе    рұқсат  беру 

əдісі  тəн,  ал  қылмыстық  құқыққа  тыйым  салу  əдіс-тəсілі  тиісті.  Негізінен, 

құқықық  реттеу  əдістері  дегеніміз - құқық  саласының  пəні  болып 

табылатын қоғамдық қатынастарды реттеудің тəсіл-амалдар жиынтығы.   

Қаржылық  құқық  саласы  екі  негізгі  құқықтық  реттеу  əдістерін 

пайдаланады.  Біріншісі,  императивті  əдіс.  Латын  тілінен  аударғанда 

«бұйрықты»  деген  мағынаны  білдіреді.  Императивті  əдіс  қоғамдық 

қатынастар субъектілерін, олардың міндеттері мен оларға тыйым салынған 

əрекеттерін  белгілейді.  Қаржылық  құқық  саласына  байланысты,  бұл  əдіс 




509 

 

құқытық  қатынастар  субъектілерінің  арасындағы  «екі  жақты  тең» 



қатынастарына жол бермей, бір жақты басымдылықпен ерекшеленеді.  

Жалпы  алғанда,  императивті  əдіс  тек  қаржы  құқығына  ғана  емес, 

сонымен  қатар  қылмыстық  құқық,  əкімшілік  құқық  салаларына  да  тəн. 

Алайда,  қаржылық  құқықтың  императивті  əдісі  мемлекеттің  қаржылық 

қызметіндегі 

 

ұйымдастырушылық, 



мүліктік 

қатынастарға 

байланыстылығымен ерекшеленеді.  

Əдіс - бұл  қоғамдық  қатынастар  субъектілерінің  іс-əрекеттеріне  əсер 

ету  мақсатында  заңнамамен  белгіленген  тəртіп  орнату  тəсілі.  Осы  əдісті 

пайдаланып, мемлекеттің қаржылық қызметін орындайтын органдар заңды 

жəне жеке тұлғаларға бір-жақты өктем билігін жүзеге асырады. 

Императивті  əдіс,  мемлекеттің  қаржылық  қорларды  құру  жəне 

кейіннен  оларды  реттеу  қызметі  барысында  кеңінен  қолданылады. 

Қаржылық  құқық  нормаларының  императивті  əдісін  қолдана  отырып, 

мемлекет  жəне  оның  органдары  өзге  субъектілерден  олардың 

міндеттемелерін  орындауды  талап  ете  алады.  Осыған  байланысты, 

қаржылық  құқық  саласына  арналған  ғылыми  еңбектерде  қаржылық 

құқықтың императивті əдісінің ерекшеліктерін келесідей сипаттайды: 

- Тараптардың  арасындағы  қарым-қатынас  мемлекеттің  басымдылық 

мəртебесіне негізделеді; 

- Мемлекет  тиісті  заңнамадағы  бір  жақты  басым  ережелері    арқылы 

қаржылық  құқықтық  қатынастар  субъектілерінің  іс-əрекетін  белгілеп, 

қадағалап отырады; 

- Қаржылық  құқықтық  қатынастардың  субъектілері  мемлекетпен 

белгіленген тəртіпті бұза алмайды; 

- Мемлекетпен  белгіленген  ережелердің  орындалуы  мемлекеттің 

өкілетті органдарының күштеу тетіктері арқылы жүзеге асырылады; 

- Қаржылық  құқықтың  əр  нормасының  экономикалық  элементі 

болғандықтан,  бұл  құқық  саласының  императивті  əдісі  өзге  құқық 

салаларының  императивті  əдістеріне  қарағанда  экономикалық  басқару 

тəсіліне ие; 

- Мемлекеттің қаржылық заңнаманың шеңберінде белгіленген тəртіпті 

орындамау, қылмыстық жəне əкімшілік жауапкершіліктен өзге, қаржылық-

құқықтық жауапкершілікке əкеп соғады. 

Мемлекет  қаржылық  қорларды  құру  жəне  басқару  барысында    тек 

императивті 

əдісті  қолдана  алмайды.  Сондықтан,  қаржылық  құқықтық  қатынастар 

диспозитивті  əдіс  арқылы  да  реттелінеді.  Диспозитивті  əдіс  тараптардың 

өзара тең жағдайымен, таңдау еркіндігімен ерекшеленіп, өз əрекеттерін өз 

еркімен  реттеуге  мүмкіндік  береді.  Дəстүрлі  тілмен  айтқанда,  бұл  əдістің 

негізінде тараптардың шарттық қатынастары жатыр.  



510 

 

Худяков  И.А.  өз  еңбектерінде  жиі  атап  өткен  заңдылыққа  жүгінсек, 



онда  ақшаның  бір  жақты  қозғалысы  императивті  əдісті,  ал  ақшаның  екі 

жақты  қозғалысы  деспозитивті    əдісті  білдіретіндігі  туралы  айтылған.  

Мемлекеттің  қаржылық  қызметіндегі  құқықтық  реттеудің  диспозитивті 

əдісіне  мысал  ретінде  мемлекеттік  қарыз  шартын,  мемлекеттің  əлеуметтік 

мақсаттағы несиелер бағдарламаларын келтіруге болады.  

Қазіргі  таңда,  Қазақстан  Республикасының  Үкіметімен  ауыл 

шаруашылығын  көтеру  мақсатында  төмен  мөлшерлемемен  несиелер 

беріліп  жатыр.  Осы  бағдарлама  барысында  туындайтын  қаржылық 

қатынастар  ақшаның  екі  жақты  айналымымен  байланысты.  Егер  бірінші 

айналымда  ақшалай  қаражаттар  несие  нысанында  мемлекеттен  несие 

алушыға    қарай  қозғалса,  екінші  айналымда  несие  алушыдан  мемлекетке 

қарай  борышты  өтеу  қаражаттары  ретінде    қозғалады.  Жоғарыда  аталып 

өткен  құқықтық  қатынастардың  диспозитивті  əдіспен  реттелетініне, 

тараптардың  арасында  жасалатын  екі  жақты  шарт  дəлел.  Яғни,  мемлекет 

өзінің  бағдарламалары  арқылы  шаруа  қожалықтарына  міндеттеу  əдісін 

емес, көтермелеу, ерік беру саясатын қолданады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет