ҚҰҚЫҚ негіздері


 Азаматтық құқықтық қатынастар. Азаматтық құқықтың



Pdf көрінісі
бет50/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

 

5.5 Азаматтық құқықтық қатынастар. Азаматтық құқықтың 

субъектілері  

Азаматық  құқықтық  қатынас  деп  азаматтық  құқықпен  реттелетін  мүліктік 

қатынастар  жəне  де  қатысушылары  субъективті  азаматттық  құқықтар  мен 

міндеттер  арқылы  байланысқан  мүліктік  емес  қатынастар  жатады.  Азаматтық 

құқықтық  қатынастар - қатысушылары  азаматтық  құқықтар  мен  міндеттерге 

иелік  ететін  қоғамдық  қатынастар.  Азаматтық  құқықтық  қатынастар  біржақты 

немесе  өзара  (екіжақты)  болуы  мүмкін.  Біржақты  құқықтық  қатынастарда  бір 

ғана субъект тек қана құқықтарға ие болады, ал тағы бірі міндеттерге.  Бірақ ең 

жиі  ұшырасатыны  қатысушылары  құқықтар  мен  міндеттерге  ие  болатын 

екіжақты  құқықтық  қатынастар.  Бұл  екі  құқықтық  қатынастардың 

айырмашылығы тəжірибелік тұрғыда айтарлықтай елеулі.  Біржақты құқықтық 



98 

 

қатынастарды атқарудың кезектілігі жайында еш мəселе туындамайды, ал өзара 



құқықтық  қатынастарда  бұл  елеулі  орын  алады:себебі  екі  тарап  та  кең 

өкілеттіктерге  ие  жəне  заңда  өзгеше  көзделмесе  немесе  құқықтық  қатынас 

мінездемесінен  туындамаса  олар  міндеттері  мен  өкілеттіктерін  бір  уақытта 

жүзеге асыруға тиісті. 

Азаматтық  құқықтық  қатынастардың  ерекшеліктері:  біріншіден,  азаматтық 

құқықтық  қатынастардың  субъекітлері  заңи  тұрғыда  тең  құқылы,  бір-бірінен 

тəуелсіз,  сол  арқылы  да  басқа  құқық  салаларынан  ерекшеленеді;  екіншіден, 

азаматтық  құқықтық  қатынастар  заңмен  қарастырылған  жəне  заңмен 

қарастырылмаған  негіздерде  туындайды;  үшіншіден  азаматтық  құқықтық 

қатынастардың  талаптары  мен  мазмұнын  бекітуде  тараптардың  келісімі 

ескеріледі;  төртіншіден,  тағы  бір  ерекшелігі  ретінің  өзгешелігінде  жəне 

бұзылған азаматтық құқықтардың қорғалуы тəсілінде жатыр.  

Азаматтық  құқықтық  қатынастардың  субъектілері  мен  объектілері:  Азаматтық 

құқықтар  мен  міндеттер  құқықтық  қатынастардың  субъектісі  деп  аталатын 

құқықтық  қатынастардың  қатысушыларына  тиесілі.  Азаматтық  заңдармен 

реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет 

жəне  де  əкімшілік-аумақтық  бірліктер.  Азаматтық  құқықтық  қатынастардың 

субъектілері  ретінде  физикалық  жəне  заңи  тұлғалар,  əкімшілік-аумақтық 

бірліктер  жəне  мемлекет  тұтастай  қатысады.  Бұлардың  барлығы  азаматтық 

құқық субъектілікке ие, яғни азаматтық құқықтар мен міндеттерге жəне оларды 

жүзеге  асыруға  қабілетті.  Сол  арқылы  құқық  субъектілік,  азаматтық  құқық 

субъектісі  қандай  қасиеттерге  иелік  етуге  тиіс  еендігін  анықтайды.  Құқық 

субъектілік  ғылымда  құқық  пен  əрекет  қабілеттіліктің  бірлестігі  ретінде 

қарастырылады.  Аталған  субъектілердің  құқықтық  қатынастарда  барлығының 

қатысуының  басты  алғышарты  олардың  азаматтық  құқық  қабілеттілік  пен 

азаматтық əрекет қабілеттілікке топтастырылуы.  

Жеке тұлға ретінде Қазақстан Республикасының азаматтары, шет ел азаматтары 

жəне де  азаматтығы жоқ адамдар ұғынылады.  

Құқық  қабілеттілік  ҚР-ның  барлық  азаматтарымен  мойындалады.  ҚР-ның 

азаматтарымен  теңдей  азаматтық  құқық  қабілеттілікті  шет  ел  азаматтары, 

азаматтығы жоқ адамдар пайдалана алады. Олардың ҚР-дағы азаматтық құқық 

қабілеттілігі  қазақстандық  заңдармен  анықталады.  Азаматтық  құқық 

қабілеттілік  өз  кезегінде  заңмен  мойындалған  құқықтар  мен  міндеттерді 

атқаруды  қамтиды.  Заң  бойынша  азаматтық  құқықтарды  иелену  қабілеті  мен 

міндеттерді  атқару  барлық  азаматтармен  теңдей  мойындалады.  Азаматтардың 

құқық қабілеттілігі ол туған кезде басталып қайтыс болған соң тоқтатылады.  

Барлық  азаматтармен  теңдей  мойындалатын  құқық  қабілеттіліктен, 

азаматтардың  əрекет  қабілеттілігі  бірдей  бола  алмайды,  неге  десеңіз  адамның 

психикалық, ақыл-ой жəне физикалық толысу тұрғысынан жасына жəне өзге де 

факторларға  байланысты  бағыныштылық  сипатта  болады.  Азамат  құқықтарға 




99 

 

ие  болып  жəне  оны  жүзеге  асырып,  өз  əрекеттері  арқылы  өзі  үшін  азаматтық 



міндеттер  жасап  жəне  оларды  орындауы  үшін,  жасайтын  іс-əрекеттерден 

келетін  зардаптарды  түсініп  жəне  мойындауы  тиіс.  Аталған  мəн-жайларды 

есепке  ала  отырып,  азаматтардың  толық  əрекет  қабілеттілігін,  он  төрт  жасқа 

дейінгі кəмелетке толмағандардың əрекет қабілеттілігін жəне он төрт жастан он 

сегіз  жасқа  дейінгі  кəмелетке  толмағандардың  əрекет  қабілеттілігін  ажырата 

білу керек.  

Толық  əрекет  қабілеттілік – азаматтың  өз  əрекеттері  арқылы  заңмен 

қарастырылған  кез  келген  мүліктік  жəне  мүліктік  емес  құқықтар  мен 

міндеттерге ие болып, өзі үшін кез келген азаматтық міндеттер қалыптастырып 

жəне  оларды  жүзеге  асыруы.  Азаматтық  заңдардың  кəмелеттік  жасқа 

толмағандарға  беретін  əрект  қабілеттілігі  толық  емес,  кəмелетке  толмағандар 

барлық  құқықтар  мен  міндеттерді  жүзеге  асыра  алмайды,  тек  заңмен 

көрсетілгендеріне ғана құқылы. 

Толық  емес 14 жастан 18 жасқа  шейін.  Он  төрт  жастан  он  сегіз  жасқа 

дейінгі кəмелетке толмағандар мəмілелерді ата-анасының, асырап алушысының 

жəне  қамқоршысының  рұқсатымен  жүзеге  асырады.  Ол  алтыға  толған 

кəмелетке  толмағандар,  егер  ол  еңбек  шарты  бойынша  жұмыс  істейтін  болса 

немесе  ата-анасының,  асырап  алушысының  немесе  қамқоршысының 

келісімімен  кəсіпкерлік  қызметпен  айналысатын  болса  толық  əрекет  қабілетті 

деп танылуы мүмкін.  

Кəмелетке  толмаған  адамды  толығымен  əрекет  қабілетті  деп  жариялау 

(эмансипация)  қамқоршы  органның  жəне  қорғаншының  ата-анасының,  асырап 

алушысының    немесе  қамқоршысының  келісімі  бойынша  не  ондай  келісім 

болмаған  жағдайда  сот  шешімі  бойынша  жүргізіледі.  Эмансипацияланған 

кəмелетке  толмаған  адам,  Қазақстан  Республикасының  заңнамалық  актілеріне 

сəйкес  болуы  үшін  жас  шектеуі  белгіленген  құқықтар  мен  міндеттерді 

қоспағанда  азаматтық  құқықтарға  ие  болады  жəне  міндеттерді  (оның  ішнде 

өзінің 


зиян 

келтіруі 

салдарынан 

туындаған 

міндеттер 

бойынша) 

жауапкершілікте болады. 

Он  төрт  жасқа  дейінгі  кəмелетке  толмағандардың  əрекет  қабілеттілігі. 

Кəмелетке  толмаған,  он  төрт  жасқа  дейінгілер  үшін  мəмілелерді  ата-анасы, 

асырап  алушысы  немесе  қамқоршысы,  егер  заң  актілерінде  өзгеше  көзделмесе 

жүзеге асырады. Он төрт жасқа дейінгі кəмелетке толмағандар өздерінің жасына 

лайықты, жасай салып орындалатын ұсақ мəмілелерді жасауға құқылы.  

Ішінара 6 жастан 14 жасқа дейін (нашақорлар, маскүнемдер, ақыл-есі дұрыс 

еместер);  балалардың  толық  əрекет  қабілетті  еместігі (6 жасқа  дейін).  Жүйке 

ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз əрекеттерінің мəнін жете түсіне 

алмайтын  азаматты  сот  əрекет  қабілеттігі  жоқ  деп  тануы  мүмкін,  соған 

байланысты  оған  қорғаншылық  белгіленеді.  Əрекет  қабілеттігі  жоқ  деп 

танылған  азаматтың  атынан  мəмілелерді  оның  қорғаншысы  жүзеге  асырады. 




100 

 

Əрекет  қабілеттілігі  жоқ  адам  сауығып  кеткен  немесе  денсаулығы  едəуір 



жақсарған жағдайда сот оны əрекет қабілеттігі бар деп таниды, бұдан кейін одан 

қорғаншылық  алынады.  Спирт  ішімдіктерін  немесе  есірткі  заттарғасалыну 

салдарынан  өз  отбасын  материалдық  жағынан  ауыр  жағдайға  ұшыратқан 

азаматтың  əрекет  қабілеттігін  сот  Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  іс 

жүргізу  Кодексінде  белгіленген  тəртіп  бойынша  шектелуі  мүмкін.  Ожəне  ған 

қамқоршылық  белгіленеді.  Ол  тұрмыстық  ұсақ  мəмілелерді  жасауға  құқылы. 

Басқа  мəмілелер  жасауды,  табысын  алуды,  зейнетақысын    жəне  өзге  де  кіріс 

көздерін  алуды  жəне  оларға  билік  етуді  ол  тек  қамқоршысының  келісімімен 

жүзеге  асыра  алады.  Азамат  спирт  ішімдіктеріне  немесе  есіртікі  заттарға  жəне 

нашақорлыққа  салынуды  тоқтатқан  реттерде  сот  оның  əрекет  қабілеттілігіне 

қойылған  шектеуді  жояды.  Сот  шешімінің  негізінде  азаматқа  белгіленген 

қамқоршылықтың  күші  жойылады.  Заң  актілерінде  көрсетілген  жағдайлар  мен 

реттерден  басқа  жағдайда,  ешкім  де  құқық  қабілеттілік  пен  əрекет 

қабілеттітіктен шектелуге тиісті емес. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет