ҚҰҚЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет51/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

Азаматтың 

есімі. 

Азаматтың 

есімі 

оның 


азаматтық-құқықтық 

қатынастарға  қатысушы  ретінде  жеке  тұлғалық  қасиеттерін  көрсететін  белгі 

ретінде 

сипатталады. 

Азаматтық 

айналымда 

қатынастарды 

əрбір 


қатысушысының  есімін  нақты  атамай  көз  алдымызға  елестету  тіптен  қиынға 

соғады. 


Есімге деген құқық – азаматтың ажырағысыз құқығы. Есім тұлғаның қоғам 

алдындағы  жеке  тұлғалық  қасиеттерін  дəріптейтін  əлеуметтік  маңызды 

функцияны  жүзеге  асырады.  Азамат  өз  құқықтары  мен  міндеттерін  есімін 

қолдану  арқылы  жүзеге  асырады.  Есім  жəне  де  мəміле  жасасатын  жəне 

міндеттерді  атқаратын  тұлға  жөнінде  белгілі  бір  пайымдаулар  жасау  үшін  де 

қажет.  Яғни,  есім  азаматтық  құқықтық  қатынастың  нақты  қатысышысы  кім 

екендігі турасында пайымдаулар жасау үшін керек.  

Есім – дүниге  келгенде  берілетін  азаматтың  жеке  атауы.  АК-тің 15–

бабының 1-тармағына  сəйкес,  азаматтың  есімі  ретінде  тегі,  азаматтың  жеке 

есімі жəне өз қалауы бойынша əкесінің аты түсіндіріледі. Бірақ қандай жағдай 

болмасын  азаматтың  тегі,  аты  жəне  əкесінің  аты  (егер  ол  бар  болса)  міндетті 

түрде АХАЖ бөлімінде тіркелуі тиісті.  

Қызмет  етуші  заңнамаға  сəйкес  азаматтарға  келесідей  реттерде  есімін 

өзгертуге мүмкіндіктер берілген:  

Біріншіден,  некені  тіркеген  кезде.  Некеге  тұратын  тұлғаларға  тегін 

өзгертуге  құқық  беріледі. «Неке  жəне  отбасы  туралы»  Заңның 30-бабына 

сəйкес,  олар  некеге  дейінгі  тегін  немесе  ортақ  тек  ретінде  жұбайлардың 

біреуінің  тегін  таңдауға  немесе  некеге  тұрушы  өз  тегіне  тағы  да  бір  тек,  яғни 

жұбайынікін қосуы да мүмкін (қос тек). 



101 

 

Екіншіден,  тек  неке  бұзылған  кезде  өзгертілуі  мүмкін:  жұбайы  жарының 



тегін  сақтап  қалуға  немесе  бұрынғы  тегіне  қайта  оралуға  құқылы («Неке  жəне 

отбасы туралы» Заң 30-бап 3-тармақ). 

Үшіншіден, тегі, аты, əкесінің аты жағымсыз естілсе. 

Төртіншіден,  азамат 16 жасқа толғаннан кейін өз есімі мен тегін өзгертуге 

құқылы  (мысалға,  атасының  немесе  өзге  тұлғаның  жəне  т.б  тектерді  иеленгісі 

келсе).   

Заңдарда  көрсетілген  жағдайларға  сəйкес,  азаматтар  жасырын  есім 

(бүркеншік  есім)  пайдалануға  құқылы.  Жасырын  есім  қолдану  мүмкіндігі 

«Авторлық жəне аралас құқық туралы» Заңда қарастырылған. 

Азамат  өз  есімі  оның  келісімінсіз  пайдаланылған  жағдайда,  оған  тыйым 

салынуын  талап  етуге  құқылы.  Десек  те  «Авторлық  құқық  жəне  аралас  құқық 

туралы» заңның 19 бабына сəйкес автордың келісімінсіз жəне ешқандай сыйақы 

мөлшерлемесінсіз,  бірақ  міндетті  түрде  автордың  есімін  көрсетіп,  дəйексөз 

ретінде  қолданып,  газет  беттерінде  оның  туындарын  жариялауға  жол  беріледі. 

Азаматтың  есімін  заңсыз  пайдаану  нəтижесінде  оған  келтірілген  зиян  өтелуге 

міндеттеледі.  Азаматтың  есімі  оның  абыройына,  қадір-қасиетіне    нұқсан 

келтірген немесе бұрмаланған болса ол моральдық зиянның өтелуін талап етуге 

жəне  де  оның  абыройына,  қадір-қасиетіне  немесе  іскерлік  беделіне    жəне  т.б. 

нұқсан  келтіретін  реттерде  дəлелді  айғақтардың  ұсынылуын  талап  етуге 

құқылы. (141-143 б.б. АК) 



Азаматтың  тұрғалықты  жері.  Азаматтың  жеке  тұлғалық  қасиеттерін 

көрсететін  тағы  бір  белгі  оның  тұрғылықты  жері,  яғни  азамат  тұрғылықты 

немесе уақытша тұратын елді мекен. 

Өзінің  құқық  қабілеттілігін  жүзеге  асыра  отырып,  азамат  өзіне  жайлы 

тұрғылықты жерді таңдауға құқылы. Тағы да бір реттерде азаматтардың кейбір 

сатыларына  заң  тұрғылықты  жерін  айқындап  береді.  Біріншіден, 14 жасқа 

дейінгі кəмелетке толмағандардың тұрғылықты жері, олардың ата-аналарының, 

асырап  алушылардың  немесе  қамқоршылардың  тұрғылықты  жері  болып 

саналады. Ата-аналар арасында келіспеушілік туындаған жағдайда тұрғылықты 

жер сот бойынша айқындалады. Екіншіден, əрекет қабілеттілігі жоқ азаматтың 

тұрғылықты  жері  оның  қамқоршысының  тұрғылықты  жері  болып  саналады. 

Тұрғылықты жердің анықталуы азаматтардың құқықтарының жүзеге асып жəне 

орындалуында  маңызды  рол  атқарады.  Тұрғылықты  мекен-жай  түсінігімен, 

азаматқа талап қойылып, міндеттерді атқарудың орнын анықтағанда азаматтың 

белгілі бір мекенде екендігімен байланыстырылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет