ҚҰҚЫҚ негіздері


Аты  аталған  жəне  аты  аталмаған  шарт



Pdf көрінісі
бет61/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

Аты  аталған  жəне  аты  аталмаған  шарт.  Шарт  еркіндігі  қағидасы 

заңдарда көзделген де жəне көзделмеген де шартты жасасуға мүмкіндік береді, 

бірақ  ол  заңға  қайшы  келмеуі  тиіс,  сол  арқылы  да  аты  аталған  жəне  аты 

аталмаған  шарттардың  аражігі  ажыратылады  (АК 380-бап, 2-тармақ).  Аты 

аталған – заңнамамен бекітілген шарттар. 



Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарт. Бұл тараптар бекіткендей 

несие  берушіге  емес,  шартта  көрсетілген  жəне  көрсетілмеген  жəне 

борышқордан  міндеттемені  өзінің  пайдасына  орындауды  талап  етуге  құқығы 

бар  үшінші  жаққа  борышқор  орындап  беруге  міндетті  деп  көрсеткен  шартты 

айтамыз.  

Жария  шарт.  Коммерциялық  ұйыммен  жасалған  жəне  өз  қызметінің 

сипатына  қарай  оған  өтінішпен  келген  əрбір  адамға  қатысты  жүзеге 

асырылатын  тауарларды  сату,  жұмыстарды  атқару  немесе  қызмет  көрсету 

жөніндегі  оның  міндеттемелерін  белгілейтін  шарт  жария  шарт  деп 

мойындалады  (бөлшек  сауда,  қоғамдық  көлікпен  тасымалдау,  байланыс 

қызметін көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана қызметін 

көрсету жəне т.б.). 

Қосылу шарты. АК ережелерін тараптардың біреуі формулярында немесе 

өзге  стандартты  нысандарда  белгілеген  жəне  басқа  тарап  оны  ұсынылған 

шартта  тұтастай  қосылу  жолы  деп  қабылдай  алатын  шарт  қосылу  шарты  деп 

танылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет