112
емес игіліктері мен құқықтарынң бұзылуы, кемсітілуі немесе олардан
айырылуы, соның ішінде жəбірленушінің өзіне қарсы құқық бұзушылықтың
жасалуы салдарынан басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан
азабы немесе тəн азабы (қорлау, ызаландыру, ұысым жасау, ашуландыру, ұялту,
түңілту, тəн қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу жəне т.б.)». Жан
азабы ретінде адамның эмоционалды-ерікті уайым-қайғы сезімдері қорлау,
ызаландыру, ұысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тəн қиналуы, залал
шегу, қолайсыз жағдайда қалу жəне т.б. түсінуіміз тиіс. Бұл сезімдер мысалға,
жəбірленушінің өмірі мен денсаулығына жəне де туған-туысқандарының
құқықтарына қарсы озбырлық əрекеттер арқылы туындауы мүмкін. Заңсыз
айыру немесе еркін жүріп-тұру бостандығын шектеу; денсаулыққа зиян келтіру,
соның ішінде денесінің ашық жерлерін қорлайтын тыртықтар мен кескіндер
салу; отбасының, жеке, дəрігерлік құпияларды жариялау; құпия хат алмасуды,
телефон немесе телеграф хабарламаларын бұзу; азаматтың ар-ожданы мен
қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мəліметтер тарату; есімі мен кескінге деген
құқықтарын бұзу; авторлық жəне аралас құқықтарды бұзу жəне т.б. Тəн азабы
ретінде азаматтың құқығына қарсы зорлау əрекеті немесе денсаулығына зиян
келтіру арқылы көрініс тапқан физикалық ауруды түсінген жөн. АК-тің 4-
тармағына сəйкес заң актілерінде көзделгенжағдайларды қоспағанда, азаматтың
мүліктік құқықтарын бұзатын əрекеттер (əрекетсіздік) арқылы келтірілген
моральдық зиян өтелуге жатпайды, мысалға, жетіспеушілік нəтижесінде
келтірілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер.
Достарыңызбен бөлісу: