114
құқықтық нормаларымен белгіленген;
- істің аяқталуына мүдделі тұлғалардың сот мəжілісінде істің қаралуына
қатысуға құқығы бар жəне өз құқықтары мен мүдделерін қорғай алады;
- сот шешімі іс бойынша сот отырысында дəлелдемелер арқылы
анықталған деректерге сүйенуі қажет жəне ол заңға сəйкес болуы керек.
ҚР АІЖК-сі соттың қарауына жататын барлық азаматтық істерді бес
түрге бөледі:
- бұйрық арқылы іс жүргізу;
- сырттай өндіріс;
- талап қою арқылы іс жүргізу;
- ерекше талап қою арқылы іс жүргізу;
- ерекше іс жүргізу.
6.2 Азаматтық іс жүргізудің сатылары
Азаматтық процестің сатылары мынадай мақсаттарға жетуге бағытталған
процессуалдық əрекеттердің жиынтығы: талап арызды (шағымды) қабылдау, сот
қарауына істерді əзірлеу, сотта іс қарау, сот актілерін шығыру жəне т.б.
Азаматтық іс жүргізу саласын құрайтын кешенді нормалардың түпкі
мақсаты соттардың азаматтық істерді қарастыру жəне талдау барысында іс
жүргізудің құқықтық тəртібін тиісті деңгеймен қамтамасыз ету болып
табылады.
Азаматтық іс жүргізу сатыларын былай бөліп қарастыруға болады:
1. Істі сотта қарауға əзірлеу сатысы.
2. Сотта іс қарау сатысы.
3. Заң күшіне енбеген сот шешімдері мен ұйғарымдарына апелляциялық
шағым беру жəне наразылық келтіру арқылы қайта қарау сатысы
(апелляциялық өндіріс).
4. Сот актілерін орындау сатысы.
5. Заң күшіне енген сот актілерін қадағалау тəртібі бойынша қайта қарау сатысы
(қадағалау өндірісі).
6. Заң күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мəн-жайлар бойынша
қайта қарау сатысы.
Достарыңызбен бөлісу: