ҚҰҚЫҚ негіздері


 Сот актілерін орындау сатысы



Pdf көрінісі
бет72/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

4. Сот актілерін орындау сатысы. Бұл сатыда соттың заң күшіне енген актісі 

(шешімі, ұйғарымы, қаулысы) борышкердің өз еркімен немесе сот орындаушының 

мəжбүрлеу шарасын қолдануымен орындалады (жалпы мерзімі 2 ай). 



116 

 

5.  Заң күшіне енген сот актілерін қадағалау тəртібі бойынша  қайта  қарау 



сатысы (қадағалау өндірісі). 

Сот шешімінің дəлелсіздігі немесе материалдың немесе іс жүргізудің құқық 

нормаларының елеулі түрде бұзылуы сол шешімді бақылау ретінде бұзуға негіз 

болады. Сот істі қадағалау тəртібімен қараудың нəтижесінде кеңесу бөлмесінде 

мынандай шешімдердің бірін қабылдайды: 

-  Бірінші, апелляциялық, қадағалау сатысындағы шешімді өзгеріссіз, ал 

шағымды, наразылықты қанағаттандырмай тастайды; 

-  Бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық немесе бөлігіндегі 

күшін жояды жəне істі бірінші, апелляциялық  сатыдағы  сотта  жаңадан  қарауға 

жібереді; 

-  Бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық немесе бөлігіндегі 

күшін  жояды  жəне  талап  арызын  қарамай  тастайды  немесе  іс  бойынша  іс 

жүргізуді қысқартады; 

-  Іс бойынша шығарылған шешімдердің біреуін күшінде қалдырады; 

-  Бірінші, апелляциялық, қадағалау сатысындағы соттың шешімін 

өзгертеді немесе оның күшін жояды, материалдың құқық нормаларын қолдануда 

жəне  түсіндіруде  қате  жіберілген  болса,  істі  жаңадан  қарауға  жібермей,  жаңа 

шешім шығарады. 

Істі  қадағалау  тəртібімен  қарау  кезінде  сот  істе  бар  материалдар  бойынша 

шағым,  наразылық  дəлелді  шегінде  бірінші,  апелляциялық  сатыдағы  соттар 

шығарған сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексереді. Сот құрамы үш 

судьядан кем болмауы тиіс. Істі қарағаннан кейін сот қаулы шығарады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет