ҚҰҚЫҚ негіздері


 Істі сотта қарауға əзірлеу сатысы



Pdf көрінісі
бет70/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

1. Істі сотта қарауға əзірлеу сатысы.  

Сотта  іс  қарауға  дайындық    барысында    судья  келесі  міндеттерді  жүзеге 

асырады:  1) істі  дұрыс  шешу  үшін  маңызы  бар  мəн-жайларды  айқындау; 2) 

тараптардың  құқықтық  қатынастарын  жəне  басшылыққа  алынуға  тиісті  заңды 

анықтау; 3) іске  қатысатын  адамдардың  құрамы  мен  процестің  басқа  да 

қатысушылары  туралы  мəселені  шешу; 4) əрбір  тарап  өз  пайымдауларын 

негіздеу үшін ұсынуға тиіс дəлелдемелерді анықтау. 




115 

 

ҚР  АІЖК 167 бабында  істі  сотта  қарауға  əзірлеуге  қатысты  мерзімдер 



белгіленген.  Азаматтық  істерді  сотта  қарауға  əзірлеу,  егер  заң  актілерінде 

өзгеше  белгіленбесе,  арыз  қабылданған  күннен  бастап  жеті  күн  мерзімнен 

кешіктірілмей  жүргізілуге  тиіс.  Алименттерді  өндіріп  алу  туралы,  мертігуден 

немесе  денсаулықтың  өзге  де  зақымдануынан  келтірілген  зиянды  өтеу  туралы 

істерден басқа, айрықша күрделі істер бойынша ерекше жағдайларда, сондай-ақ 

асыраушысынан  айрылуына  байланысты  жəне  еңбек  қатынастарынан 

туындайтын  талаптар  бойынша  бұл  мерзім  судьяның  дəлелді  ұйғарымы 

бойынша  бір  айға  дейін  ұзартылуы  мүмкін.  Кодексте  жекелеген    санаттағы  

істер    бойынша  заңнамалық  актілер    негізінде  істі  дайындаудың  өзге  де 

мерзімдері белгіленуі мүмкін.  

Істі сотта  қарауға  дайындық  барысында  судья істі сотта қарауға əзірлеу 

туралы  ұйғарым  шығарады  жəне  жүргізілуге  тиісті  əрекеттерді  белгілеп 

көрсетеді.  Бірінші  кезекте  судья  арыздың  көшірмелерін  жəне  оған  қоса 

тіркелген  құжаттарды  жауапкерге  жібереді.  Судья  жауапкерге  талап  арыздың 

көшірмесін жəне талап қоюшының талаптарын негіздейтін оған қоса тіркелетін 

құжаттарды  жібереді  не  тапсырады  жəне  өзі  белгілеген  мерзімде  талап  арызға 

пікір  (қарсылық)  білдіруді  жəне  өз  пікірін  (қарсылығын)  негіздеуге 

дəлелдемелер беруді ұсынады.  Жауапкердің пікірі мен дəлелдемелерді бермеуі 

істегі бар дəлелдемелер бойынша істі қарауға кедергі келтірмейді. 

Судья қойылған талаптарды  анықтайды, тараптарға жəне үшінші тұлғаларға 

қажетті дəлелдемелер  жинауға  жəрдемдеседі.  Егер қаралатын іс бойынша қажет 

болса  процеске  мүдделі  тұлғалар,  сарапшыларды,  аудармашыны,  куəларды  жəне 

т.б.  қатыстыру  мəселесін  шешеді.  Судья  іс  жеткілікті  əзірленген  деп  тапса,  оны 

сот мəжілісінде қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет