121
субъектілері арасында заңдың байланысы бар қоғамдық қатынастар. Азаматтық іс
жүргізу қатынасы құқық қорғау қатынастарына жатады. Олардың пайда болуы,
өзгертілуі жəне тоқтатылуы заңдың жағдаяттармен, заңдың маңызы бар нақтылы
мəнжайлармен байланысты, олармен құқық нормасы азаматтық іс жүргізу құқық
субъектілерінің іс жүргізу құқықтары мен іс жүргізу міндеттерінің пайда болуы,
өзгертілуі жəне тоқтатылуын байланыстырады.
Азаматтық іс жүргізу қатынастары сотқа талап арыз, арыз жəне шағым берген
кезде пайда болады. Азаматтық іс жүргізу құқықтары мен азаматтық іс жүргізу
міндеттері азаматтық іс жүргізу қатынастарының мазмұнын құрайды.
Азаматтық істерді қарап шешуде азаматтық іс жүргізу құқық
қатынастарының мынандай түрлерін байқауға болады: негізгі, қосымша жəне
қызметтік-көмек көрсетушілік.
Негізгі іс жүргізу құқық қатынастары талап қоюмен іс жүргізу, ерекше
талап қоюмен іс жүргізуде сот пен тараптар (талап қоюшы жəне жауапкер)
арасында жəне ерекше іс жүргізуде сот пен арыз беруші арасында болады.
Қосымша іс жүргізу құқық қатынастары іс бойынша қорытынды беру үшін
прокурордың, мемлекеттік органның немесе жергілікті өзін-өзі басқару органның
қатысуымен өткенде (АІЖКтің 55, 57 баптары), сондай-ақ үшінші тұлғалардың
қатысуымен өткенде (АІЖКтің 52, 53 баптары) туындайды.
Қызметтік-көмек көрсетушілік іс жүргізу құқық қатынастары іс бойынша
өз қызмет бабы бойынша көмек көрсету үшін аудармашының, сарапшының,
куəлардың, қоғамдық өкілдердің қатысуымен өткенде туындайды.
Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының ерекшелігі оның биліктік
сипатында, яғни биліктік қатынастылығында. Азаматтық іс жүргізу құқық
қатынастарының субъектілері - сот жəне өзге сот ісін жүргізуге қатысушысы билік
жəне бағынушылық қатынаста болады. Оған дəлел ҚР Конституциясының сот
билігін бекітуі.
Жоғарыда айтылғанның бəрі азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының
түсінігіне анықтама беруге болатынын білдіреді. Сонымен азаматтық іс
жүргізу құқық қатынасы бұл субъективтік құқықтармен заңмен қорғалатын
мүддені қорғау үшін сот пен өзге азаматтық процестің қатысушылары арасындағы
азаматтық іс жүргізу құқық нормаларымен реттелген қоғамдың қатынастар.
Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының объектісін 2 түрге бөліп
қарастыруға болады: жалпы жəне арнайы.
Жалпы объект- сотпен қаралып, шешілуге немесе қорғалуға жататын
материалдыңқұқықтық дау немесе заңмен қорғалатын мүдде.
Арнайы объект- нақты, белгілі құқық қатынасын жүзеге асыруда жасалатын
қорытынды (мысалы, сот пен сарапшы арасында азаматтық іс жүргізу құқық
қатынасының объектісі болып осы сарапшының өзінің арнайы білімі негізінде іс
үшін мəні бар фактілер туралы қорытындысы).
122
Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастың мазмұны азаматтық
процестегі субъектілерінің іс жүргізу құқықтары мен міндеттері, ал кейбір
процессуалистердің пікірінше (А.А.Мельников) субъектілердің мінезқұлқы,
яғни өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудағы əрекеттері.
Достарыңызбен бөлісу: