Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттері. ҚР
АІЖКі 48 бабының 5 бөлігіне сəйкес: тараптар іс жүргізу құқықтарын тең
пайдаланады жəне бірдей іс жүргізу міндетін мойнына алады деген.
Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқықтарын: жалпы жəне арнайы
деп бөліп қарастырса болады. Жалпы бұл тараптардан басқа да іске қатысушы
тұлғаларға тəн құқықтар: іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жазып
алуға жəне көшірмелер түсіруге, қарсылықтарын мəлімдеуге, дəлелдеме табыс
етуге жəне оларды зерттеуге қатысуға жəне т.б. (ҚР АІЖКнің 47 бабы).
Арнайы ҚР АІЖКнің 32, 49, 50, 156, 158 жəне т.б. баптарында көзделген.
Мысалы, талап қоюшы талаптық негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге,
талап қою талабының мөлшерін үлғайтуға не азайтуға немесе талап қоюдан бас
тартуға құқылы. Жауапкер талап қоюды толық не жартылай тануға, немесе
талаптан бас тартуға құқылы.
Тараптардың азаматтық іс жүргізу міндеттерін: жалпы жəне арнайы деп
бөліп қарастырса болады. Жалпы тараптар өздеріне берілген барлық іс жүргізу
құқықтарын адал пайдалануға, сот отырысындағы тəртіпті сақтау, сотта
төрағалық етушінің қаулыларына бағынуға тиіс. Арнайы ол азаматтық іс
жүргізудің сатыларына жəне нақты іс жүргізу əрекеттердің мінезіне байланысты.
Осылай, талап қоюшы сотқа өзі ұсынған талап арызында міндетті түрде заңда
көрсетілген мəліметтер бар болу керек (ҚР АІЖКнің 150бабы); əр тарап (талап
қоюшы мен жауапкер) өзінің талаптарының жəне қарсылықтарының негізі
ретінде сілтеме жасайтын мəнжайларды дəлелдеуі тиіс (ҚР АІЖКнің 65 бабы).
Достарыңызбен бөлісу: |