Сот төрелігін тек соттық жүзеге асыруы. Ол Қазақстанда сот қана
мемлекет пен тұтастай коғамның атынан сот төрелігін жүзеге асыра алатындығын
білдіреді. Соттың биліктік өкілдіктерін басқа біреудің иемденіп алуына тыйым
салынады жəне құқықтық жауапкершілікке əкеліп соғады.
Судьялардың ауыстырылмайтындығы жəне сайланбайтындығы. Соттар
тұрақты судьялардан тұрады. Судьялардың өкілеттігі тек заңда белгіленген
негіздер бойынша ғана тоқталуы немесе кідіртілуі мүмкін. Судьялар Конституция
мен жоғарыда аталған Конституциялық заңға сəйкес сайланады немесе
тағайындалады. Сондай-ақ судьялардың өкілетіктері нақты мерзіммен
шектелмеген.
125
Достарыңызбен бөлісу: |