(Суретте аю ағаш ты ң қуысындағы балға өрмелеп
келеді, аралар оны жан-жағынан талауда).
Мүғалім: - Балалар, біз осы сурет бойынша сөйлем дер
қүруымыз керек. Қане, кім айтады, сөйлемнің неше түрі
бар?
("Сөйлемнің үш түрі бар. Олар: лепті сөйлем, хабарлы
сөйлем, сүраулы сөйлем"— деген жауап алынады).
Мүғалім: - Өте дүрыс. Енді сендер осы суретке қарап
бір сүраулы, бір лепті, бір хабарлы сөйлем қүрауларың
керек.
(Тақтаға кезекпен үш бала шығарылып, үш сөйлем
жазады. Қалған балалар дәптерлеріне орындайды).
Мүғалім: - Серуенімізді жалғастырамыз. Біз орман-
нан гүлдер теріп алған едік. Енді осы гүлдермен ойын
ойнайық.
(Балаларға гүлдер таратылады, "Сары гүл - зат есім,
қызыл гүл — сан есім, көк гүл - сын есім, жапырақ -
етістік" екені тақтаға жазылады).
Мүғалім: - "Жасыл шөп жайқалды" (Сөйлем оқылды).
Оқушылар көк, сары гүлді жөне жапырақты жоғары
көтеріп көрсетеді.
Өйткені: жасыл - (қандай?) - сын есім (көк гүл)
шөп - (не?) — зат есім (сары гүл).
жайқалды - (неғылды?) - етістік (жапырақ).
Мүғалім: - Орманда біз серуендедік. Келе жатсақ,
мынадай әдемі елік пен тырна кездесті. Бүл жануарлар
біздерге бірдене айтқысы келді. Бірақ, олар адамша сөй-
лей алмағандықтан, сөздері байланыспай түр. Біздер осы
аңдардың не айтқысы келгенін біліп тақтаға буынға бө-
ліп жазып, дауысты жөне дауыссыз дыбыстарға талдау
керек. Көне, кім айтады? Қалай дүрыс болады?
(Елік суретінің астында: біл, туған, табиғатын, қор-
ғай, жердің. Дүрысы: "Туған жердің табиғатын қорғай
біл".
Тырна суреті астында: қайырымды, өрқашанда, қор-
шаған, бол, ортаға. Дүрысы: "Қоршаған ортағаөрқашан
да қайырымды бол"). Сөйлемдер тақтаға жазылып, тал-
данады.
Достарыңызбен бөлісу: