225
Лингвистиканың
өзекті мәселелері
революциялық когнитивтік идеялары болды.
Ғылымдағы когнитивтік төңкерістің негізіне толығырақ
тоқталатын болсақ. «30 жылдай бұрын гуманитарлық
ғылымдардың зерттеу объектілері – когнитивтік құрылымдар
мен ол құрылымдардың механизмдері болды. Кейінірек бұл
үдеріс когнитивтік төңкеріс (cognitive revolution), когнитивтік
бетбұрыс (cognitive turn) болып, когнитивтік ғылымның яғни
когнитологияның, когитологияның пайда болуына негіз болды.
Когнитивтік ғылым өзінің алдына: қабылдау, категоризация,
классификация, әлемді түсіну, репрезентация, білімді сақтау
сияқты процестерді зерттеуді қойды. Когнитивтік лингвистика
1.тілді когнитивтік механизм ретінде зерттеді; 2. тілдегі
когницияға ерекше мән берді» [Будаев 2007].
Когнитивтік төңкеріс тілді жүйе деп бір жақты
қарастыратын лингвистикада бұрыннан қалыптасқан зерттеу
тәсілдерінен өзгеше әдістерін жаңа, инновациялық әдіс-
тәсілдермен алмастырып, прогрессивті көзқарастарды
қалыптастырды.
Т.Г.Скребцова американдық-батысеуропалық когнитивтік
лингвистиканың дамып, жетілуін былай сипаттайды:
Лингвистика тарихнамасында когнитивтік лингвистиканың
пайда болуы – 1989 жыл. Сол жылы Дуйсбургте /ФРГ/ бірінші
ғылыми конференцияда болды. Халықаралық когнитивтік
лингвистика ассоциациясы құрылды және кейіннен журнал
шығып тұрды, сөйтіп, когнитивті лингвистика лингвистиканың
жеке бағыты дүниеге келді.
Американдық-батысеуропалық когнитивтік лингвистика
алдына екі проблеманы шешуді қойды:
1.адамның
тілдік қабілеті;
2.барлық когнитивтік құрылымдар мен процестердің
жиынтығы.
Алайда бұл айтылған
проблемалар жеке этникалық
тілдерге емес, жалпы адамзат тіліне қатысты қарастырылды.
Бұл мәселелерді зерделейтін когнитивтік лингвистикада
компьютерлік метафора және
функционализм сияқты екі тірек
Лингвистиканың өзекті мәселелері
226
ұғым ерекше көзге түседі. Комьютерлік метафора адамның ми
қабілетін зерттеуге талпынса, ал
функционализм адами
когниция, адам миының құрылымынан көрі, олардың функциясы
яғни ми жұмысы қызықтырады. Осы мәселе бойынша
американдық-батысеуропалық когнитивтік лингвистика адам
миы комьютер сияқты жұмыс жасайды деген гипотеза ұсынған.
Американдық-батысеуропалық когнитивтік лингвис-
тиканың өкілі А.Ченки «когнитивтік лингвистика» терминіне
бір-бірімен тығыз байланысты теориялық принциптерді
енгізеді:
• Тіл –
танымның ажырымас бөлігі;
• Тіл – мәдени-функционалды, коммуникативті және
психологиялық қарым-қатынасты көрсетеді [Ченки 2002].
Американдық-батысеуропалық когнитивтік лингвисти-
каның басты мақсаты – адами когницияны зерттеу: «когнитивтік,
психологиялық, ментальдық ерекшеліктердің пайда болуының
негізі адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасының әсері
және адамның танымдық қабілеті болып табылады. Әлемді
адами когниция автоматты режимде қабылдайды» [Исабеков,
2010].
Когницияның негізінде адам қоршаған ортаны танып қана
қоймайды, сонымен бірге адамзаттың игілігіне жаратады.
Адамның бойына негізгі когнитивтік қабілетті көрсететін және
когнитивтік белсенділіктің барлық түрлеріне негіз болатын өте
мықты нейрондар тән.
Американдық-батысеуропалық когнитивтік лингвистика-
ның негізгі ерекшелігі :
• когницияны кең ауқымда түсініп, оған мына мәселелерді
енгізеді: адам рухы, ақыл-ой, пайым, сана, ойлау, ми, қабылдау,
зейін, тіл т.б.
• тіл менталды феномен ретінде, атап айтсақ, когницияның
ерекше автономды бөлігі, яғни когнитивті модуль болып
саналады.
Американдық-батысеуропалық когнитивтік лингвистика
мынадай іргелі проблемаларды қарастырады:
227
Лингвистиканың өзекті мәселелері
- когнитивтік
құрылымдар,
- когнитивтік модулдер,
- когнитивтік
процестер,
- адамның жады,
- адамның миы,
- тілді меңгерудің когнитивтік негіздері,
- әртүрлі тілдік бірліктер типтерін, сөзді, тілді қабылдау
және қайта
өңдеудің когнитивтік негіздері,
- сөйлеудің когнитивтік негіздері.
Американдық-батысеуропалық когнитивтік лингвисти-
каның әдіс-тәсілдерінің ішінен символикалық немесе
компьютерлік, коррекциялық, нейрологиялық әдістер ерек-
шеленеді.
Когнитивтік лингвистиканың американдық-батысеуро-
палық моделінің мынадай басым (доминантты) белгілерін атап
айтуға болады:
Достарыңызбен бөлісу: