Лингвистиканың өзекті мәселелері
220
Л.Витгенштейннің «Ойын» категориясы екі бағытта
дамыды: 1.«Семьялық ұқсастық» категориясы идеясының
дамуы. Категорияның әртүрлі элементтерінің арасында
айтарлықтай айырмашылық болады. Бір категорияға адамның
психологиялық ерекшелігін көрсететін (егер ол жеке тәжірибенің
фрагменттерін көрсететін болса) кез келген обьектіні біріктіруге
болады.
2.Категорияның орталық, ерекше көрінетін типтік обра-
зын іздеу.
ІІІ.
Прототиптік бағыт:
4. Р.Браунның еңбектерінен көрінеді. Әлемді категори-
зациялаудың универсалды принциптерін іздеу. Категория
обьектілердің кез-келген класын біріктіре алады. Категорияның
негізгі деңгейі сана қызметі арқылы белгіленеді деп
қарастырылатындықтан
негізгі
немесе
иерархиялық
байланыстар ескерілмейді. Р.Браунның айтуынша белгілі бір
заттың атауын бергенде адамдар оның категориялық белгілеріне
сүйенеді.
2.Б.Берлин, П.Кейдің еңбектері – түр-түс кеңістігін
категоризациялау мәселелерін біріктіреді. Олар эксперимент
арқылы түр-түсті категоризациялау процесінде
фокустық түр
деген тірек ұғымның болатынын дәлелдеді. Бұл нәтиже
категория туралы:
а) категорияның барлық элементтері бірдей;
б) олар адамға тәуелді емес, - деген классикалық
постулаттарға күмән келтірді.
Фокустық түр: 1.адамның зейінін бірден өзіне аударады;
2.бірден танылып, есте тез сақталады; 3.Үнемі атауы болады.
Фокустық түр өз айналасына түр-түс кеңістігін категори-
зациялайтын табиғи прототип болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: