Есеналиева жанар е с е н


  Тілдегі  метафоралық  және  метонимиялық



Pdf көрінісі
бет72/97
Дата17.05.2022
өлшемі10,61 Mb.
#34721
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   97
Байланысты:
Лингвистиканың өзекті мәселелері

7.  Тілдегі  метафоралық  және  метонимиялық 
құбылыстарды зерттеу; 
Дж.Лакоффтың философ М. Джонсонмен бірлесіп жазған 
«Біз  метафорлармен  бірге  өмір  сүреміз»  атты  еңбегінде 
метафораны тілде көрініс табатын жаңа когнитивтік ұғымдарды  
қалыптастырудың құралы ретінде сипаттайды.
А.Ченки    «метафора  –  өнім,  метафора  -  процесс»  деп, 
мәтіндегі метафора мен концептуалды метафораның ара жігін 
ажыратады.
Тілдегі 
метафоралық 
құбылыстарды 
зерттеумен 
концептуалды  метафора  теориясы  (conceptual  metaphor  
theory) қысқаша СМТ айналысады.
Концептуалды  метафора  ұғымды,  түсінікті  категори-
зациялап қана қоймайды, сонымен бірге, ол жинақталған білімді 
еске сақтауды қамтамасыз етеді.


Лингвистиканың өзекті мәселелері
214
Когнитивтік  лингвистикаға  когнитивтік  ғылымның 
көрнекі  өкілдері  психологтар  -  Э.Рош,  Д.Слобин,  С.Палмер; 
философтар  –  М.Джонсон,  ДЖ.Серл,  П.Черчланд;  жасанды 
интелект бойынша мамандар, нейрофизиологтар - П.Черчланд  
және  А.Дамасио  өздерінің  іргелі  зерттеулерімен  үлестерін 
қосты.
Тарихи тұрғыда когнититивтік лингвистика Н.Хомскийдің 
генеративизиміне  альтернатив  ретінде  пайда  болды.    Қазіргі 
когнитивтік  лингвистика  да  екі  теориялық  бағытқа  жіктеліп 
отыр.  Бірі  ол  теорияны  қабылдаса,  екіншісі  Хомскийдің 
теориялық ұстанымын мүлде қолдамайды.
Қазіргі  таңда  когнитивтік  лингвистиканың  басты 
орталығы Калифорния университетінің Беркли және Сан-Диего 
бөлімдері, сондай-ақ, Буффалодағы Нью-Йорк университетінің 
Когнитивті  ғылымдар  орталығы.  Европада  когнитивті 
лингвистика әсіресе Голландияда, Германияда ерекше дамуда. 
Үнемі халықаралық конференциялар өткізіліп тұрады.
Ресейде когнитивтік лингвистика бағыты бойынша А.Н. 
Баранов,  Е.С.Кубрякова,  В.И.Карасик,  Н.Н.  Болдырев  т.б. 
ғалымдар аса маңызды зерттеулер жүргізуде және бүгінгі таңда 
«когнитивтік лингвистика»  лингвистиканың ерекше  бағытының 
біріне айналды.
Ал  Когнитивтік  лингвистикадағы  категоризациялау 
теориясына  келер  болсақ,  категоризация  дегеніміз  –  білім 
бірліктерін белгілі бір категорияларға жіктеу. Категория – адам 
ойының танымдық формаларының бірі. Ол -  адам тәжірибесін 
жалпылауға және жіктеуге мүмкіндік беретін ұғым.
Категоризацияның  екі  аспектісін  көрсетуге  болады: 
статистикалық аспект және динамикалық аспект.
• Статистикалық аспект –категория жүйесін тақырыптарға 
бөлу;
• Динамикалық аспект - қандай да бір элементтерді белгілі 
бір категорияға жіктеп, оларға атау беру.
Прототиптік бағыттың негізгі қағидалары:
1.Шынайы  әлем  –  құрылым.  Ол  біздің  санамызда 


215
Лингвистиканың өзекті мәселелері
обьектілерді  белгілі  ойлау  жүйесінің  құрылымдары  – 
категорияларға  топтауға  мүмкіндік  береді.  Әлем  онтологиясы 
біздің  санамызда  белгілі  категория  жүйесі  бойынша  көрініс 
табады.
2.Категория  элементтерінің  бәрі  бірдей  емес,  психо-
логиялық  категориялар  басқаларға  қарағанда  ерекше.  Бұл 
ерекшелік категорияның ішкі құрылымын яғни, орталық, типтік 
элементтерді  (прототиптерді,  прототиптік  ядроны,  типтік 
жағынан төмен элементтерді) айқындауға септігін тигізеді.
3.Категориялар тірек ұғымдар яғни, прототиптер негізінде 
қалыптасып, дамиды.
4.Прототиптер  категорияның  ерекше  белгілерін  бойына 
жинақтайды.  Обьектінің,  нысанның  белгілі  бір  категорияға 
тиесілілігі  оның  прототиппен  ұқсастығына  байланысты 
айқындалады. 
5.  Категорияларды  бір-бірінен  ерекшелейтін  айқын 
шекара болмайды.
6.Категориялардың  ішкі  құрылымы  бастапқы  қызметтің 
әртүрлілігімен айқындалады.
7.  Категориялардың  прототиптік  элементтері  басқа 
категориялардан  өзіндік  айрықша  белгілермен  ерекшеленеді, 
максималды түрде бір-біріне қарама-қарсы қойылады.
Категорияларда прототиптік емес элементтердің де орын 
алуы  ықтимал.  Ол  категориялардың  нақты  шекараларының 
жойылуын  тудырады,  сөйтіп,  категориялар  арасында  өтпелі 
зонаның пайда болуына әкеп соғады.
Ерекше типтік прототиптерді былайша топтауға болады: 
жемістер (алма, жүзім, өрік);  көкөністер (картоп, қияр, қызанақ); 
құстар  (малиновка,  қараторғай);  транспорт  (машина,  поезд); 
қару-жарақ (мылтық); үй жиһазы (диван, стөл) т.б.
Типтік белгісі төмен прототиптер: транспорт – лифт, қару-
жарақ – аяқ киім, оқтау,  үй жиһазы – кондиционер т.б.
Жалпы  прототиптерді  төмендегідей  топтарға  бөлуге 
болады:
1.ерекше  типтік  прототиптер    (  жемістер,  көкөністер, 
құстар, транспорт);


Лингвистиканың өзекті мәселелері
216
1.  әлеуметтік стереотиптер (типтік ана – үй шаруасындағы 
әйел);
2.  идеалды прототиптер  (керемет күйеу, жақсы әйел);
3.  образды  прототиптер  (шық  бермес  Шығайбай, 
Плюшкин – сараңдықтың образы);
4.  метонимиялық  модельдер  (етістік  категориясының 
прототипі – акционалды етістіктер);
5.  жеке моделдер прототипі (керемет оқу орны – Гарвард, 
Оксфорд университеттері);
6.  көзге  түсетін  ерекше  белгілер  прототипі  (  көрші  – 
интеллигент, жолаушы - маскүнем) т.б.
Тілдік  категорияларды    ресей  когнитивист-ғалымы 
Н.Н.Болдырев үшке бөліп қарастырады:
• лексикалық  категориялар  (құс,  киім,  ағаш,  үй  жиһазы 
т.б. сияқты нысандарды біріктіретін сөздер);
• грамматикалық  категориялар (лексика-грамматикалық) 
(шақ,  жақ,  сөз  таптары  т.б.  грамматикалық  формаларды 
біріктіретін сөздер);
• модустық  категориялар  (интерпретациялаушы  кате-
гориялар)  (мақұлдау, салыстыру, ұқсату, экспрессивті-эмоцио-
налдық,  аппроксимациялық,  қарсылық  білдіруді      лексикалық 
және  грамматикалық  бірліктерді  біріктіру  арқылы  жасалатын 
сөздер). Н.Н.Болдырев.
Қорыта    айтқанда,  категоризация  ұғымы  екі  түрлі 
қолданыспен  сипатталады:  тар  мағынада    ол  тек  тәжірибеге 
сүйене топтауды білдірсе, кең мағынада оған категориялардың  
жасалу процесі, адамның ішкі және сыртқы әлемін оның қимыл-
әрекеті  мен  тіршілігіне  сай  жіктеу  мәселелері  жатқызылады. 
Категория адамның танымдық әрекетін сипаттайтын маңызды 
ұғымдардың  бірі.  Ол  барлық  танымдық  қабілеттермен  әрі 
жүйелермен  байланысқа  түсе  алады,  сол  арқылы  ойлау 
процесінде жүзеге асатын салыстыру, ұқсату т.б. амалдармен де 
тығыз  сабақтасады.  Классификациялау  үлгілері  адамның 
бойында  өте  ерте  кезден  қалыптасатынына  қарамастан,  жүре 
келе, ол тәжірибе мен тіл меңгеру негізінде өзгеріп, тереңдейді, 
сол  себепті  кейбір  ғалымдар  категорияны  лингвистикалық 


217
Лингвистиканың өзекті мәселелері
құбылысқа  жатқызу  керек  деп  тұжырымдайды.  Оған  дәлел 
ретінде зерттеушілер сөз бен оның толық мағынасын белгілі бір 
категорияны танытушы нысан тұрғысынан зерделеп талдайды.
Бүгінгі күні танымдық категория негізгі ерекшеліктеріне 
қоса,  жаңа  мүмкіндіктермен  қамтамасыз  етіліп,  адамның 
когнитивті  әрекетімен,  яғни  әртүрлі  заттарды  белгілі  бір 
қасиеттеріне  орай  жіктеу,  топтау  негіздерімен,  материя  мен 
оның  қимыл-әрекеттерін  сипаттар  көп  қырлы  формаларды 
обьективті түрде кластарға, топтарға бірікутіру мүмкіндіктерімен 
сабақтаса дамып келеді [9,123].
Филология ғылымдарының докторы, профессор  
Ә.Т.Қайдардың 90 жасқа толу мерейтойына арналған
2014  жылы 7 қарашада «Ғылымдағы ғұмыр: ана тілі және 
түркі әлемі» атты халықаралық ғылыми-теориялық 
конференция
Әдебиет
1. Карасик В.И. Определение и типология концептов // Этнокуль-
турная концептология. Межвуз.сб.научных трудов. Вып.1.Элиста, 2006.
2. Карасик  В.И. Языковой круг: личность, концепты, дискурс. М.: 
Гнозис, 2004. – С.390.
3.   Болдырев  Н.Н.  Когнитивная  семантика.  Изд-во  Тамбовского 
университета, 2001. –С. 123.
4. Воркачев  С.Г.  Лингвокультурология,  языковая  личность, 
концепт: становление антропоцентрической парадигмы в языкознании//
Вестник  МГУ.Лингвистика  и  межкультурная  коммуникация.  2002. 
№4.С.64-72.
5. Стернин И.А., Ларина Т.В., Стернина М.А. Очерк английского 
коммуникативного поведения, - Воронеж: Истоки, 2003. – С.23-44.
6. Маслова В.А. Лингвокультурология. – М. 2001.
7. Куликова Л.В. Межкультурная коммуникация: теоретические и 
прикладные аспекты.Красноярск: РИО КГПУ 2004.- С.86-89.
8. Слышкин Г.Г. Концептологический анализ институционального 
дискурса. М.: «Школа», 2001. С34.
9. Оразалиева Э. Когнитивтік лингвистика. – Алматы: «АН Арыс» 
баспасы. 2006.-312б.


Лингвистиканың өзекті мәселелері
218


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет