Есеналиева жанар е с е н


Прототиптік бағытты насихаттайтын  тағы бір көрнекті  өкіл - Э.Рош. Ол категоризациялау процесін негізгі екі  прототип



Pdf көрінісі
бет74/97
Дата17.05.2022
өлшемі10,61 Mb.
#34721
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   97
Байланысты:
Лингвистиканың өзекті мәселелері

3.Прототиптік бағытты насихаттайтын  тағы бір көрнекті 
өкіл - Э.Рош. Ол категоризациялау процесін негізгі екі  прототип
 
және обьект
 (нысан) ұғымдарымен байланыстыра қарастырады.  
Ғалым
 фокустық түр деген тірек ұғым тек тілдік емес, сонымен 
қатар когнитивтік  статусты, яғни, ойлау жүйесіне де қатысты 
екенін  эксперимент  түрінде  дәлелдейді.  Фокустық  түр 


221
Лингвистиканың өзекті мәселелері
категоризациялау  процесінде  ерекше  роль  атқарады  деп, 
былайша зерделейді: 
а)  обьектіні  таңдауда  адамның  зейінін  бірден  өзіне 
аударады;
б) бірден  танылып, бұрынғы бар біліммен салыстырылып, 
жүйеленеді; 
в) атауы болады, алайда кейбір когнитивтік категориялар 
атаусыз қалады.
Ғылыми  және  логикалық  категорияларға  қарағанда, 
табиғи  категория  құрамына  енетін  мүшелердің  бір-бірімен 
толық сәйкес келуі міндеттелмейтін бұл нысанның негізін тегі 
бойынша  ұқсату  немесе  прототипке  сүйене  отырып  топтау 
үлгілері құрайды. Э.Рош аталмыш дейгейді ең жоғары және ең 
төмен сатылардың ортасынан орын алатын көрсеткіш ретінде 
бағалайды,  сол  себепті  оны  алуан  түрлі  мәселелерді  шешу 
кезінде  пайдаға  асатын  аралық  деңгей  деп  түсіндіреді 
(Оразалиева).
Прототиптік бағыттың негізгі қағидалары:
1.Шынайы  әлем  –  құрылым.  Ол  біздің  санамызда 
обьектілерді  белгілі  ойлау  жүйесінің  құрылымдары  – 
категорияларға  топтауға  мүмкіндік  береді.  Әлем  онтологиясы 
біздің  санамызда  белгілі  категория  жүйесі  бойынша  көрініс 
табады.
2.Категория  элементтерінің  бәрі  бірдей  емес,  психо-
логиялық  категориялар  басқаларға  қарағанда  ерекше.  Бұл 
ерекшелік категорияның ішкі құрылымын яғни, орталық, типтік 
элементтерді  (прототиптерді,  прототиптік  ядроны,  типтік 
жағынан төмен элементтерді) айқындауға септігін тигізеді.
3.Категориялар тірек ұғымдар яғни, прототиптер негізінде 
қалыптасып, дамиды.
4.Прототиптер  категорияның  ерекше  белгілерін  бойына 
жинақтайды.  Обьектінің,  нысанның  белгілі  бір  категорияға 
тиесілілігі  оның  прототиппен  ұқсастығына  байланысты 
айқындалады. 
5.  Категорияларды  бір-бірінен  ерекшелейтін  айқын 
шекара болмайды.


Лингвистиканың өзекті мәселелері
222
6.Категориялардың  ішкі  құрылымы  бастапқы  қызметтің 
әртүрлілігімен айқындалады.
7.  Категориялардың  прототиптік  элементтері  басқа 
категориялардан  өзіндік  айрықша  белгілермен  ерекшеленеді, 
максималды түрде бір-біріне қарама-қарсы қойылады.
Категорияларда прототиптік емес элементтердің де орын 
алуы  ықтимал.  Ол  категориялардың  нақты  шекараларының 
жойылуын  тудырады,  сөйтіп,  категориялар  арасында  өтпелі 
зонаның пайда болуына әкеп соғады.
Ерекше типтік прототиптерді былайша топтауға болады: 
жемістер (алма, жүзім, өрік);  көкөністер (картоп, қияр, қызанақ); 
құстар  (малиновка,  қараторғай);  транспорт  (машина,  поезд); 
қару-жарақ (мылтық); үй жиһазы (диван, стөл) т.б.
Типтік белгісі төмен прототиптер: транспорт – лифт, қару-
жарақ – аяқ киім, оқтау,  үй жиһазы – кондиционер т.б.
Жалпы  прототиптерді  төмендегідей  топтарға  бөлуге 
болады:
1.ерекше  типтік  прототиптер  (жемістер,  көкөністер, 
құстар, транспорт);
2.  әлеуметтік стереотиптер (типтік ана – үй шаруасындағы 
әйел);
3.  идеалды прототиптер  (керемет күйеу, жақсы әйел);
4.  образды  прототиптер  (шық  бермес  Шығайбай, 
Плюшкин – сараңдықтың образы);
5.  метонимиялық  модельдер    (етістік  категориясының 
прототипі – акционалды етістіктер);
6.  жеке моделдер прототипі (керемет оқу орны – Гарвард, 
Оксфорд университеттері);
7.  көзге  түсетін  ерекше  белгілер  прототипі  (  көрші  – 
интеллигент, жолаушы - маскүнем) т.б.
Тілдік  категорияларды    ресей  когнитивист-ғалымы 
Н.Н.Болдырев үшке бөліп қарастырады:
• лексикалық  категориялар  (құс,  киім,  ағаш,  үй  жиһазы 
т.б. сияқты нысандарды біріктіретін сөздер);
• грамматикалық  категориялар (лексика-грамматикалық) 
(шақ,  жақ,  сөз  таптары  т.б.  грамматикалық  формаларды 
біріктіретін сөздер);


223
Лингвистиканың өзекті мәселелері
• модустық  категориялар  (интерпретациялаушы  катего-
риялар)  (мақұлдау,  салыстыру,  ұқсату,  экспрессивті-эмоцио-
налдық,  аппроксимациялық,  қарсылық  білдіруді      лексикалық 
және  грамматикалық  бірліктерді  біріктіру  арқылы  жасалатын 
сөздер) (Н.Н.Болдырев).
Қорыта  айтқанда,  категоризация  ұғымы  екі  түрлі 
қолданыспен  сипатталады:  тар  мағынада    ол  тек  тәжірибеге 
сүйене топтауды білдірсе, кең мағынада оған категориялардың  
жасалу процесі, адамның ішкі және сыртқы әлемін оның қимыл-
әрекеті  мен  тіршілігіне  сай  жіктеу  мәселелері  жатқызылады. 
Категория адамның танымдық әрекетін сипаттайтын маңызды 
ұғымдардың  бірі.  Ол  барлық  танымдық  қабілеттермен  әрі 
жүйелермен  байланысқа  түсе  алады,  сол  арқылы  ойлау 
процесінде жүзеге асатын салыстыру, ұқсату т.б. амалдармен де 
тығыз  сабақтасады.Классификациялау  үлгілері  адамның 
бойында  өте  ерте  кезден  қалыптасатынына  қарамастан,  жүре 
келе, ол тәжірибе мен тіл меңгеру негізінде өзгеріп, тереңдейді, 
сол  себепті  кейбір  ғалымдар  категорияны  лингвистикалық 
құбылысқа  жатқызу  керек  деп  тұжырымдайды.  Оған  дәлел 
ретінде зерттеушілер сөз бен оның толық мағынасын белгілі бір 
категорияны танытушы нысан тұрғысынан зерделеп талдайды.
Бүгінгі күні танымдық категория негізгі ерекшеліктеріне 
қоса,  жаңа  мүмкіндіктермен  қамтамасыз  етіліп,  адамның 
когнитивті  әрекетімен,  яғни  әртүрлі  заттарды  белгілі  бір 
қасиеттеріне  орай  жіктеу,  топтау  негіздерімен,  материя  мен 
оның  қимыл-әрекеттерін  сипаттар  көп  қырлы  формаларды 
обьективті түрде кластарға, топтарға бірікутіру мүмкіндіктерімен 
сабақтаса дамып келеді (1).
Сонымен,  категоризация  дегеніміз  –  білім  бірліктерін 
белгілі  бір  категорияларға  жіктеу.  Категория  –  адам  ойының 
танымдық  формаларының  бірі.  Ол  -  адам  тәжірибесін 
жалпылауға және жіктеуге мүмкіндік беретін ұғым.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, хабаршысы.
Шығыстану сериясы.   №4 (70), 2014.71-74 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет