қаражатқа қол жеткіземін деп армандап келгендер көп болды. Бірақ басым
бөлігі өз арманына сенбей, одан үркіп, жарты жолда жобадан шығып
қалды. Арманына қол жеткізе алатындығына сенімсіз адам –
өзіне-өзі
сенімсіз.
Əр нəрсеге алдын ала дайындықпен келгенді жақсы көремін.
Сондықтан да ақыл айтпастан бұрын, зерттеу жүргіздім. Өзімнің
Instagramдағы @kuantr парақшамда сауалнама өткіздім. «Армандарыңызға
жетуге не кедергі?» деген сұрақ қойдым оқырмандарыма. Енді, келген
жауаптарға назар аударайық: «Арманға жетуге не кедергі?» деген сұраққа
үш жауап нұсқасын жазған Instagram қолданушыларының 81%-ы
«жалқаулық – ең бірінші кедергі» десе, 67%-ы – «ақшаның жоқтығын»
себеп қылса, ал 36%-ы «таныс жоқ» деп жауап берді. Үшеуін қосқанда,
100%-дан асып кетеді ғой деп ойланба,
есіңе саламын, əр адам үш
кедергіден жазып отырды, сондықтан нəтижесі осындай.
Жоғарыда атап өткендей, сен instagram-ға жазған кедергілер, адамның
одан əрі дамуына, белгілі бір жеңіске жетуіне бөгет болады дейміз. Ендеше,
назарларыңызға антикейс ұсынамын:
Айна Досмахамбетқызы «Rumi Group»-та PR бөлімінің басшысы, үш
баласы бар, ажырасқан. Айтып өтетін жайт əйел адам ажырасса,
оған қоса
балалары болса, оны біздің адамдар қоғамнан сызып тастауға тырысады.
Кейде тіпті, бір баламен қалған əйелдердің өздері, қоғамнан алшақтап
кетеді. Бірақ Айна ханым емес! Иə, ол ажырасқан, иə, үш баласы бар.
Есесіне, ол мықты маман, біздің қызметкер, оған қоса көп саяхаттайды,
балаларына ерекше көңіл бөліп, əрдайым өзіне уақыт табады.
Жақында
Испанияның Бенидорм қалашығына барып, 5,5 км қашықтықты теңізбен
жүзіп «OceanMan» атағын алды. «Rumi Group»-та атқаратын қызметі үшін
өзінің тұрақты жалақысы бар, дегенмен, үш баланы асырау керек
болғандықтан, барлығына жеткізу қиын ғой. Айна ханым «жарысқа
барамын» деп алдына мақсат қойды,
туристік фирмамен келісті, тегін ары-
бері ұшып барып келді, гидрокостюмін сатып алды, əйтеуір, «мотивация
жоқ», «болмай қалды» деген сылтаумен өзін ақтап қалуға тырыспады, алды
да, жасады. Қолынан келді! Таныс жоқ деп отырмай, ақша жұмсамай-ақ,
алдына қойған мақсатына қол жеткізді.