Тағы бір мəселе – біз өзімізге «адвокат», ал біреуге «прокурормыз». Қазір біреуге кішігірім болса да сын айтып көрші,
мысалы, «Неге кешіктің?» десең, өзін ақтап алу үшін елу екі сылтау ойлап
табады. Ал кешігіп баршы, «неге біреудің уақытын бағаламайсың?», «ерте
шықпадың ба», «өзінше болып кетіпті» дегендей, бұған да елу екі сын
тауып береді. Біреудің бойынан мін іздегенше, өзіңді түзет, мінсіз нұсқаңа
талпын. Өзгемен емес, өзіңмен жарыс!
«Versus» академиясында талай дəріс өткізіп, кейстерді қарастырдық.
Бес жүз мың теңге алып (иə, бір адамнан, демек, оның ақшасы бар), он мың
теңге алып та, тегін де тренинг өткіздік. Үңіліп қарасақ, бəрінде мəселе