- ақыл-ой тесттері, танымдық үдерістерді дамыту деңгейін
жəне мектеп оқушыларының ойлау қабілетінің қызметін тал-
дауда қолданылады;
- қабілеттілік тесттері, мектеп оқушыларының түрлі қызмет
салаларын игеру мүмкіндіктерін бағалауға арналған;
- жетістіктер тесттері, оқушылардың оқу нəтижесіне байла-
нысты білім, біліктілік, дағдыларының дамуын бағалайды.
- тұлғалық тесттер, оқушылардың қызу-еріктік сапаларын
бағалауда қызмет етеді.
Барлық тест түрлерінің ішінде орта білім беруде кеңінен
қолданылатын, кең таралған тесттің түрі жетістіктер тесттері болып
табылады.
Педагогикалық өлшемді автоматтандыруға бағытталған ақпа-
раттық-қатынастық технологиялар құралдарын қолдануда мектеп
оқушыларының білім нəтижелерін жəне жалпы орта білім беру
мемлекеттік стандарт талаптарына сай жетістіктерін өлшейтін
тəсілдердің екеуінің бірін ескеру қажет. Олардың бірі, мөлшер-
ленген тəсіл, мектеп оқушыларының тапсырмаларды орын-
дау шегінде анықталған мазмұнды қабылдау деңгейлерін бір-
бірімен салыстыруды қарастырады. Екіншісі, белгісі бар тəсіл, мек-
226 теп оқушыларының оқу нəтижесінің талаптары түріндегі бағыт
немесе белгі мазмұнымен қоса білім деңгейлерін салыстыруды
қарастырады.