7.2.3 Оқытудың нəтижелілігін өлшеу əдістемесі Бақылап-өлшенген ақпараттық-қатынастық технологиялар құ-
ралдарын құрастыруда қазіргі кездегі дидактиканың жағдайымен
келісілген кепілдемелер мен талаптарды ескеру қажет. Осындай
құралдар мен технологияларды əзірлеуде қарастыру қажет:
- мектеп оқушыларының себебі, олардың назары мен
қызығушылығын тұғызуға қажетті құралдардың бар;
- бақылау мен бағалау жүйесіндегі оқу материалдарының,
тапсырмалар мен жаттығулар қиындылығы мен күрделілік
дəрежелерінің бөліктелуі;
- жалпылау үдерісін жеңілдетуге арналған формализациялау
жəне қажетті тəсілдер құралдарының бар болуы;
- мектеп оқушылараның бақылау нəтижелері мен білім өлше-
мімен анықталатын қорытынды жалпылауыш сұлбалардың
бар болуы;