227
- білім беру, болжау, бақылауда тесттік бақылау жүйесінің
қолдану ерекшеліктерін анықтау;
- тест нəтижесінде оқушының алған бағасын анықтау тəсілдері
мен шкалаларын белгілеу;
- білім беру нəтижесінің тесттік өлшемін ақпараттандыру мен
автоматтандырудың мүмкін жолдарын зерттеу;
- Ақпараттық-қатынастық технологиялар бақылап-өлшеу,
құрамы жəне жасап бітіру құралдарын құрастыру;
- жалпы орта білім беру жүйесінде ақпараттық-қатынастық
технологиялар бақылап-өлшеу құралдарын практика жүзінде
қолдану кепілдіктерін құрастыру;
Тесттік формадағы тапсырмалардың дəстүрлі тапсырмалар
мен сұрақтардан артықшылығы қыскалық, логикалық жіктелуі,
стандарттылық жəне тестілеу мен бағалау нəтижесін өткізу
процедурасының біркелкілігі. Дəл осы артықшылықтар тесттерді
мектеп оқушыларының білім нəтижелерін бағалау жəне осы
нəтижелердің мемлекеттік білім беру стандарттарының талап-
тарына сай тексерілуі үшін керек етеді. Тесттік тапсырмаларды
ұсыну формалары олардың құрамын барынша жеңілдетті жəне
педагогикалық бақылау мен өлшеу үдерісін автоматтандыра-
тын ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын жасауға
мүмкіндік жасады.
Достарыңызбен бөлісу: