12
ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар ретінде
қарастырылатын Интернет технологиясын келтіруге болады. Алай-
да мектеп оқушыларын оқытуда Интернетті қолдану технологиясын
ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар ретінде емес,
жалпы білім беретін орта білім беруді ақпараттандыру технологиясы
ретінде есептеуге болады. Білім беруді ақпараттандыру технологиясы
ұғымы білім беру жүйесінде ақпараттық жəне телекомуникациялық
технологияларды қолдану
технологиясына қарағанда, мейлінше
кең ауқымды екендігін түсіну маңызды. Бұл ұғым білім беруді
ақпараттандыру мақсатына жетуді қамтамасыз ететін тəсілдердің,
əдістердің барлық жиынтығын қамтиды.
Мəселен, білім беруді ақпараттандыру технологияларына білім
беру қызметіне арналған ақпараттық ресурстарды дайындау əдістері
мен сапасын бағалау, педагогтарды өзінің кəсіби іс-əрекетінде
ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды тиімді
қолдануға оқыту тəсілдері жатуы мүмкін.
Жалпы білім беретін орта білім
беру саласында қолданылатын
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының негізінде
перифериялық құрылғылармен жабдықталған дербес компьютер
жатыр.
Компьютердің мүмкіндіктері оған енгізілген программалық
қамтамасыз етумен анықталады. Программалық құралдардың
негізгі категориялары жүйелік программалар,
қолданбалы програм-
малар жəне аспаптық құралдар.
Жүйелік программаларға компьютердің жабдықтарымен жəне
пайдаланушымен өзара əрекетін қамтамасыз ететін операциялық
жүйелер, сонымен қатар түрлі қызметтік немесе сервистік про-
граммалар жатады. Қолданбалы программаларға ақпараттық
техологиялардың құрал-саймандары болатын программалық
қамтамасыз етулер – мəтінмен,
графикамен, кестелік мəліметтермен
жəне т.б. жұмыс технологиялары жатады.
Достарыңызбен бөлісу: